Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзек әскери гарнизонында қос мерекені атап өтті


11 мая 2021, 10:15 | 2 339 просмотров



Сарыөзек гарнизонында Ұлы жеңіске 76-жыл толуына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрылғанынна 29-жыл толуына Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты митингі өтті.

1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Араға 30-жыл салып, Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған соң Елбасының жарлығымен 1992 жылы 7 мамырды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күні болып бекітті. Содан бері шекарасы мықты елдердің санатында жеке әскері мен әскери техникасы бар, өз мемлекетін қорғай алатын алып күштердің қатарына енді.

Мерекелік іс-шараға Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев, Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Есжан Сыбанбаев, Кербұлақ аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағсы Бөкен Рысбеков, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің зейнеткері, ауған соғысының ардагері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев және әскери бөлімнің жеке құрамдары қатысты.

Олар әскери бөлімнің жеке құрамдарын қос мерекелерімен құттықтап, Отан қорғаудағы істері мен еңбектеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты шара басында майданда қаза болған батырларды еске алып, гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздік жариаланды.

Сонымен қатар мінсіз қызметі үшін және жауынгерлік дайындықта өздерін үздік көрсеткен біршама әскери қызметшілерді марнапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ бөлімнің жеке құрамдары Отан қорғау, елдің тыныштығы тақырыбындағы әндерін шырқап, салтанатты шеруімен өтті.

«Армия – біздің егеменді мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – тек қасиетті борыш ғана емес, зор мәртебе. Отан үшін отқа түсетін, патриоттық сезім бойын билеген, азаматтарды бүгінгі айтулы қос мерекелерімен құттықтаймын» - деді Ауған соғысының ардагері  отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев.

Шара гарнизонның офицерлер үйінде Ұлы жеңістің құрылғанына 76-жыл және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 29-жыл толуына арналған мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Өткізілген іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор