Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мәжіліс депутаттары Жетісу өңірінде


11 мая 2021, 07:08 | 1 547 просмотров



Бүгін Мәжіліс депутаттары Ә.М.Әбсеметова, М.М.Тәжмағамбетова және облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева Іле ауданына іс-сапарымен келіп, жұмыс кездесуделерін Өтеген батыр ауылындағы саябақпен орталық спорт алаңынан бастады. Спорт алаңында жаттықтырушы мен және балалармен тілдесіп, қазіргі уақытта қандай өзекті мәселелер бар екендігін сұрап, балалардың жаттығуымен танысты. Депутаттарымыздың келесі кездесуі Өтеген батыр кентінде орналасқан «Қуат» балабақшасында жалғасын тапты. Күрделі жөндеуден кейінгі балабақшаның жәй-күйімен танысып, балабақша тәрбиешілерімен тілдесті. Күрделі жөндеуден кейінгі балабақшаның кем-кетіктерімен танысып, бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды ұсынды.
Тілдесу барысында депутаттар балабақша басшылығына балаларды кішкентай кезінен патриоттық тәрбиеге баулуға, яғни домбыра, тоғызқұмалақ т.б. ұлттық аспаптар менен үйірмелер ашуға ұсыныс айтты.
Келесі кезекте Мәжіліс депутаттарымен партия басшылығы Қараой ауылындағы партияның сайлауалды бағдарламасында жоспарланып салынып жатқан 900 орындық орта мектептің құрылысы мен танысты. Қазіргі таңда құрылыс басында жұмысшылар толығымен жұмыс жасап, нысанның 80% астамын аяқтап осы жылдың тамыз айында жоспарға сай бітіріп, тапсыратындықтарын айтты. Депутаттар осы мектептің ойдағыдай салынып жатқандығына ризашылықтарын білдіріп, бұл мектепттен тек білімді де дарынды оқушылардың шығатынына сенім білдірді

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі