Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МЕРЕЙЛІ МЕЙІРБИКЕЛЕР МЕРЕКЕСІНЕ!/СЛАВНЫЙ ПРАЗДНИК МЕДСЕСТЁР!


11 мая 2021, 06:27 | 1 549 просмотров



МЕРЕЙЛІ МЕЙІРБИКЕЛЕР МЕРЕКЕСІНЕ!

Тұңғыш медбике ісінің негізін салушы, Қырым соғысы кезінде мейірбикелер қызметін ұйымдастырған даңқты әйел Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай, Халықаралық Мейірбикелер кеңесі 12 мамырды «Халықаралық мейірбикелер» күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің елімізде де 12 мамыр - мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелді.

Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында жаралы жауынгерлерге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оқ пен оттың ортасында жүріп қызметін адал атқарып, бүгінгі күні дүние жүзіне таралған Covid-19 короновирус пандемиясымен күресте өзінің денсаулығын, кей кезде жандарын да аямай, адам өміріне араша түсіп жүрген ақ желеңді мейірбикелеріміздің орны аса зор. Кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі - еңбек адамына қолдау көрсету, қажет кезінде құқықтық-материалдық көмек беру екені белгілі. Өз жұмысын толық беріле, сауатты атқарып жүрген бүгінгі орта буын медицина  мамандарына алғысымыз шексіз. Олар еліміздің бүкіл денсаулық сақтау саласының қызметіне, оның оң көрсеткіштеріне ықпалын тигізіп, алға сүйреп жүрген батыл да жанкешті абзал жандар. Кәсіподақ тарапынан айтулы мерекеге орай облысымыздың Талдықорған филиалына қарасты 150-ге жуық мейірбикелер, орта буын мамандары әртүрлі марапатқа ие болды. Талдықорған филиалының Атқару комитеті мен кеңейтілген төраға/айым Кеңесінің қаулысына сәйкес, Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне " 30 жылдығына - 30 игі іс-шара" аясында 30 мейірбикеге денсаулығын түзеп-сауықтыру үшін 30 ТЕГІН ЖОЛДАМА беріліп, қазіргі таңда 20-дан астамы сауықтыру орталығында еммен бірге демалып жатқан жайы бар.
Денсаулықтың  жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антына берік, міндетін мінсіз атқарып жүрген барша  мейірбикелер, сіздердің кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке-бірлік, әріптестер мен пациенттердің құрметі мен сүйіспеншілігін, жылу және махаббат тілейміз!!!
 

СЛАВНЫЙ ПРАЗДНИК МЕДСЕСТЁР!

В честь дня рождения основательницы первого сестринского дела Флоренс Найтингейл, организовавшей службу медсестер во время Крымской войны, Международный совет медсестер признал 12 мая «Международным днем ​​медицинской сестры». После обретения Независимости Республики Казахстан 12 мая было официально зарегистрировано в нашей стране как «День медсестры».
Роль наших ангелов в белых халатах глубоко ценится, как и во времена Великой Отечественной войны, которые посреди пуль и огня оказывали неотложную медицинскую помощь раненым солдатам, так и сейчас жертвуя своим здоровьем, а порой и жизнью борются с  эпидемией коронавируса Covid-19, которая распространилась по всему миру. Ежегодно ко дню медицинской сестры коллегам, чьим самоотверженным трудом,  знанием и грамотному, чуткому оказанию медицинской помощи населению страны, Профсоюзом на постоянной основе оказывается поддержка и мотивация для более успешной работы в профессиональной деятельности. В этом году исполняется 30-лет Независимости Республики Казахстан. К этой знаменательной дате Исполкомом Талдыкорганского филиала и расширенным Советом председателей ППО КОПРЗ было принято Постановление, согласно которому в филиале будут проводиться благие мероприятия: " К 30 летию - 30 благих дел". Ко дню медсестёр по линии Профсоюза поощрены более 150 медработников среднего звена, самым значимым из наград является вручение Талдыкорганским филиалом  30 БЕСПЛАТНЫХ ПУТЁВОК в ОРЦ " Денсаулык" нашим дорогим медсёстрам по определению профкомов и  администрации МО. В данное время более 20 наших медсестёр, членов Профсоюза КОПРЗ отдыхают и поправляют свое здоровье, чтобы с новой силой включиться в работу, требующая ответственности и самоотверженности.
Разрешите поздравить Вас - вестников здоровья, защитников жизни людей, целителей больных, верных клятве Гиппократа и выполняющие свои обязанности на высшем уровне с Профессиональным праздником! В этот прекрасный день желаем вам наслаждаться плодами своего упорного труда и покорять вершины! Крепкого здоровья вам, семейного благополучия, тепла, любви коллег и пациентов!!!

Құрметпен, Қазақстандық  денсаулық
сақтау қызметкерлерінің
салалық кәсіптік одағы
қоғамдық бірлестігі
Талдықорған филиалының
Атқару комитеті

Автор:
Құрметпен, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі Талдықорған филиалының Атқ