Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау барысында!


11 мая 2021, 06:21 | 1 356 просмотров



Ақсу ауданы бойынша арнайы суға түсу орындары немесе акваториялар белгіленбеген. Бірақта азаматтардың суға шомылу орындары жетерлік. Айта кетсек, мысалы: (Көкөзек, Алтынарық, Қызылқайын су қоймалар мен Ақсу, Бүен, Қызылағаш өзендері барлығы да қорғалмайтын су айдындары. Осыған байланысты, Ақсу ТЖБ қызметкерлері демалыс және мерекелік  күндерінде  күшейтілген кестеде жұмыс істеуге көшті.

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау ,  адамдардың қаза болуына жол бермеу және қаупсіздік қамтамасыз ету мақсатында, Ақсу ауданы ТЖБ үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық Ішкі істер бөлімі, Ақсу ТЖБ  қызметкелері және Ақсу ауданның «Жас Отан» Жастар қанатымен волонтерлерімен бірлесіп демалушылардың қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуға жол бермеу, демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізіліп, ескерту жадынамалар таратылуда. Аталмыш жұмыс жалғасуда.

Құрметті азаматтар! Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі су айдындары маңында, сон­дай-ақ табиғатқа демалуға шық­қанда өте мұқият бо­лу­ларыңызды айрықша ес­кер­теді. Естеріңізде болсын, қа­уіп­сіздік қағидаларын бұзу қай­ғылы оқиғаларға соқтыруы мүм­кін. Өзіңіздің және жа­қын­да­рыңыздың өміріне сақ бо­лы­ңыз­дар!

Автор:
Б. Әділжанов, Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты