Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛҚЫНЫҢ МАРЖАНЫ ЕДІ


10 января 2011, 13:58 | 1 935 просмотров


«...Диірменнің тасындай, шыр айалған дүние-ай!» демекші, фәни дүние шыр айналып, арамыздан аяулы Маржанымызды бақиға әкеткеніне де тоқтауы жоқ уакыттың бір жылы өтіпті... Анасын жоқтаған бала, сыңарын жоғалткан сүйген жар, қызын, келінін жоқтаған әулеттердің де аза тұтып, естерінен шығармағандарына да бір жыл.

Қалдыбай мен Жылқайдар әулеттері жыл бойы Маржан рухын еске алумен болды...

Асылы адам баласына қалайда бір қасиет ата баба қанымен, ананың ақ сүтімен беріледі емес пе?!. Маржанның әкесі Жылқайдар Егінбаев ағамыз өз қатарынан дара туған, Жетісу өңірінің Нұрмолда Алдабергеновтен кейінгі ауылшаруашылығының майталманы, Н.Алдабергенов - «маршалы» болса, Ж. Егінбаев - «генералы» еді. Ал, анасы Мөрима тәтеміз Ұлы жырау, көріпкел-әулие Қабылиса бабамыздың шөбересі. Қасиетті, киелі бабасының жақсы қасиеттері дарыған, соларды бойына сіңіріп ұстай білген, ұлы Шаған тауы мен Лабасының бөктерін жайлаған дүйім елдің анасындай болған асыл жан болғаны бек шындық. Осындай асылдардан туған Маржан сөз жоқ, асылдың сынығы емес пе? 1954 жылы ұлы Шағантау бөктерінде Көкбастау ауылында дүние есігін ашқан Маржан, бойжетіп, анасының асыл қасиеттерін бойына сіңірген инабатты қыз болды. Тұлымшағы желбіреген кішкентай күнінен. Күні кеше дүниеден озғанға дейін көз алдымызда жүрді. Келін болып түскен жері ауылымыздағы құралайды көзге атқан мерген Бұлғақбай атамыздың мерген баласы Қалдыбай ағамыздың әулеті. Нақсүйері Мақсұт бауырымыз өз катарының алды, бойында жалыны бар отты жігіт, өзімен бір сыныпта оқыған бала күнгі бір-біріне деген ынтызарлық өсе келе үлкен махаббатқа ұласып, болашақ өмірлеріне нәр берді. Жылқайдар аға мен Қалдыбай аға екеуініц достығы құдай қоскан құдалыққа ұласты. Маржанның қайын енесі Әуесхан апамыз да оннан аса бала туып тәрбиелеген, адами қасиеті жоғары, үлкен парасат иесі «Алтын алқалы» батыр ана еді. Маржанды қызындай көріп, болашағына дұрыс бағыт-бағдар берді. Он жылдай өз анасындай болып, Маржанның қолына бәрін табыстап дүниеден озды. (Аллаһ тағала ол анамызға иман байлығын берсін! ). Кезінде Маржанның туған анасы Мөримә тәте келін болып келген еліне ұлы бабасының киесін, берекесін ала келген қасиетті ару ана болған, келген әулетінің тасын өрге домалатқан. Анасының сол қасиеті дарыған Маржанда өмірлік серігі Мақсұтының бағы мен берекесі болып, келген жеріне балдай батып, судай сіңген анасының қасиетін жалғастырған жан болды. Өзінің ақылымен зор беделге ие болып, әулет келіндерінің «президенті» атанды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында жан жарымен еліміздің көптеген зиялы адамдарымен араласып, сыйласып, өмірі дастарханын жинамастан дүниеден озды. Әлі есімде бір жыл бұрын Асылын ақтық сапарға шығарып салуға келген дүйім елдің ішінде Сарыарқа мен Тарбағатайдан, Жамбыл мен Шымкенттен, Атырау мен Ақтөбеден, көршілес Қырғыз елінен дос-жарандар, құда-жекжат, сыйлас-

қан ел-жұрттың сүйікті Маржанымен қоштасқан көз жастары мен ықылас пейілдері тамшы болып төгілген еді. Жан-жары Мақсұт бауырымыздың қимастықпен бақұлдасқан жалынды сөзі ешкімді бей-жай қалдырмаған...

Маржанның нәзірі таратылып жатқанда Мақсұт бауырымыздың әрдайым көптің көңілінен шығатын дара қасетінің де куәгері бол-

ғандығымыз және шындық. Өзінің аяулы Маржанына деген пәк сезімін қысқа метражды кинофильм түсіру арқылы халқына көрсетіп, өте тәрбиелік мәні зор іс атқарғандығын және дәлелдеді.

Кинофильм тілімен айтқанда, сүйкімді Маржанның бой жетіп Мақсұтымен қол ұстасып, үлкен өмірге аттанып балалы-шағалы болғаны, олардың қызықтарын қысқа ғұмырда барынша қызықтап, қапылыста ойламаған жерден бақилық болса да, «ана дүниеден аруақ» болып келіп, от-бастарымен және ел-жұртының амандығын тілеп, екі әулеттің де, тіпті ауылдың да үлкен ақсақалы Қалдыбай атасынынң жәй-күйін сұрауы, өзінің өткен өмірде бәріне разы екендігін айтып, жан-жары Мақсұтына баларын табыстауы және аяулы Маржандар-

ына ризашылықтарын білдіріп, оның моласының басында тұрған Қалдыбай ақсақал мен Мақсұттың бейнелері ешкімді де бей-жай қалдырмады. Жиылған көпшіліктің көз жастары мөлдір тамшы болып төгілді...

Сөз соңында, Маржанның иманы жолдас болып жатқан жері торқа болсын, беріліп отырған нәзірі қабыл болсын демекпіз!

Бақұл бол Маржан қызымыз! Сен халқыңмен мәңгі біргесің!

Автор:
Сансызбай Шолпанқұлұлы Талдықорған қаласы