Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімнің оқу-жаттығу полигоны тазартылды


4 мая 2021, 05:29 | 1 707 просмотров



Сарыөзектегі әскери бөлімнің саперлері жауынгерлік оқу-жаттығудан кейін, бөлімнің полигонын снарядтар мен оқ-дәрілерден тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Іс-шараның басты міндеті жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін снарядтар мен оқ-дәрілерді жоюға негізделген.

Шараның басында әскери қызметшілермен жарылыс қаупі бар заттарға қарсы іс-қимыл жөніндегі ережелерді бірыңғай түсінуге оған қол жеткізуге, жерді тазартуды ұйымдастыру мен жүргізу, инженерлік, авиациялық және артиллериялық оқ-дәрілердің іс-қимыл қағидаттары мен оларды залалсыздандыру ережелері бойынша теориялық және практикалық сабақтар жүргізілді.

Полигондарды жазғы кезеңге дайындау жұмыстарына инженерлік-саперлік бөлімшелер мен полигондық командалар тартылып, әскери техникалар жұмылдырылды.

Бөлімнің әскери қызметші саперлері арнайы жеке қорғаныс құралдарымен, броньды кеудешелермен, арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етіліп, қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина және снаряд іздегіштер  мен барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталды.

- Қысқы оқу жылының аяқталуына байланысты және жазғы оқу жылына әскери полигонның оқу орындарын дайындау мақсатында   жарылу қаупі бар заттардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді 12740 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы майор Мейірман Наханов.

Табылған барлық жарылыс қаупі бар заттар сол жерде жапсырма зарядтарымен жару әдісімен жойылуда.

Полигонды жаппай жоспарлы тазарту жылына екі рет өткізіледі.

Автор:
Абзал Сартаев