Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жас сарбаздар ардагерлермен кездесті


4 мая 2021, 05:26 | 526 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан жас сарбаздары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерімен кездесті.

Шара аясында сарбаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және ауған соғысының ардагері, Сарыөзек ауылының құрметті азаматы, запастағы майор Шерғали Мұқашұлы Нұрғалиевпен кездесті.

Әңгіме барысында ардагер жас сарбаздарға Қазақстанның соғысты жеңуге қосқан үлесі, олардың өмірі мен ерліктері туралы айтты. Соғыстан оралмаған әскери жолдастары туралы, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде кездескен қиын жағдайлар туралы әңгімелеп берді.

Сарбаздар ардагердің еңбек жолдарындағы қызықты сәттерін қызығушылықпен тыңдап тәнті болды.

-Әрбір қазақстандық азамат өз елінің патриоты болуы керек. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілігін олардың бойына сіңіріп қалыптастыру аға буынның міндеті, - деді ардагер Шерғали Мұқашұлы.

Сұхбат барысында мерзімді әскери қызметшілер ардагерге жан-жақты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарында алып отырды.

-Біз ардагерлердіәрқашан мақтан тұтамыз, олардың ерлік ісін жалғастырып, келер ұрпаққа жеткізуге дайынбыз. Сол үшін де мен Отан қорғауды өзімнің ең қасиетті парызым деп санаймын, - деді жас сарбазЖұмабек Аймақов.

Шара соңында сарбаздар, ардагермен естелікке суретке түсті. Ал ардагер болса, бозбалаларға ризашылығын білдіріп, Отан қорғаудағы істеріне сәттілік тіледі.

Қазіргі уақытта бөлімнің әскери қызметшілері ардагермен тығыз байланыста, қал-жағдайларын біліп, тұрмыстарына көмек көрсетеді.Бөлім басшылары жеке құрамныңардагерлермен кездесуін ұдайы ұйымдастырады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор