Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорған гарнизонында заңгерлердің отырысы өтті


4 мая 2021, 05:10 | 511 просмотров



Жуырда Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдері мен мекемелерінің заңгерлерінің қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия жұмысының орындалуын бақылау және заң актілерінің жеке құрамға жеткізілуі мен орындалуына қатысты жиын өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты заңгерлердің құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша заңдарды жеке құрамға қаншалықты жеткізіліп және түсіндіріліп жатқандықтары туралы сөз қозғалды.

Жиында көтерілген мәселелер жеке құрам арасында құқықтық тәртіпті нығайту, тәртіпті сақтау, заң бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу, әскерилердің құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын оқиғалардан алшақ болу жұмыстарын дамыту болды. Гарнизон бойынша құқықтық тәртіптің жағдайы қатаң сақталынуы қажет екендігі осы кездесуде ескертілді.

- Сыбайлас жемқорлық ауыр қылмыс және ол Президентіміздің назарында, ел экономикасының көтерілуіне кедергі, қоғамдағы ең қауіп қатерлердің бірі. Сондықтан осындай оқиғалардың алдын алуда әскери бөлім заңгерлерінің жұмысы өте маңызды, - деді Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша аға офицері әділет майоры Әсет Ақжолтаев.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі