Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында оқушы қыздарды қаққан жол-көлік оқиғасы. Іс сотқа жолданды


29 апреля 2021, 07:18 | 1 424 просмотра



Алматы облысында мектеп оқушыларын көлікпен қағу ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 2 наурызында Алматы облысында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 4 оқушы қызды қағып кетті. Олар 8-9 жаста болатын.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға үш қыз түсті. Кейін екеуі алған жарақаттарының ауырлығынан қайтыс болды.

"Мас күйінде рөлге отырып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша сотталушыға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Жүргізуші қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Ал 28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы қылмыстық істі айыптау қорытындысымен сотқа жолдады. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Автор:
Zakon.kz