Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери техника жазғы пайдалану ережесіне көшпек


28 апреля 2021, 07:45 | 1 424 просмотра



Сарыөзек   гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде әскери техникаларды жазғы пайдалану мерзіміне көшіру жұмыстары басталды.

Әскери бөлімдерде барлық санаттағы әскери қызметшілермен жауынгерлік көлік тұрақтарында маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ техникада жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық беру-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптары, қызмет көрсету тәртібі мен жазғы жағдайда техниканы пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.

Дайындау және қызмет көрсету бойынша қару-жарақ пен техниканы пайдалану ерекшеліктері мен тәртібі толық зерделенуде.

 Бұдан басқа, жауынгерлік машиналардың бөлшектерін, жанар-жағармай материалдарын және сүзгіш элементтерді ауыстыру, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен керек жарақтарды толық жинақтау және қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.

Мамандар тораптар мен агрегаттардың жұмысқа қабілеттілігін, дөңгелектер мен көлік техникасын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жарықтандырудың, дабыл беруші, байланыс, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеруде.

-Әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшу жұмыстары қызу жүргізілуде. Әскери техниканы күтіп ұстау әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етеді, - деді шабуылдаушы батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша орынбасары майор Алмас Сопбеков.

Әскери және арнайы техникаларды қамтамасыз ету, қару-жарақтың жағдайын тексеру, ақауларды жою бойынша барлық жұмыстар мамыр айының ортасына дейін жалғасады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор