Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Суға шомылу орындарында алдын алу мақсатында!


28 апреля 2021, 07:33 | 2 016 просмотров



Жыл сайын елімізде жазғы маусымда су айдындарында қиын жағдай орын алуда. Жазғы суға шомылу кезеңінде облыс су айдындарында адамдар батып бара жатқан суда төтенше жағдайлар тіркеледі. Өкінішке орай, көп жағдайда ересектердің абайсызда балалар қаза болады. Су айдындарында адамдардың өлім-жітімінің негізгі себептері лауазымды тұлғалар мен су айдындары иелерінің судағы қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапсыз қатынасы болып табылады. Бақыланбайтын су айдындарында азаматтардың ұйымдастырылмаған демалысы су айдындарында қауіпсіздік талаптарын білмеуі немесе сақтамауы алкогольдік мас күйде суға шомылу балалардың суда жүзе алмауы және ересектердің тиісті бақылауынсыз қалдыруы.

Осыған байланысты, суда адамдардың қаза болуының алдын алу және ескерту мақсатында, Ақсу ауданының ТЖБ қызметкерлері ЖАО мамандарымен бірлесіп, суға түсуге тыйым салынған ықтимал қауіпті учаскелер мен орындарды анықтау үшін демалыс орындарын қарап, рейдтер жүргізеді, сондай-ақ демалушы тұрғындар арасында "суда абай болыңыз"тақырыбында жадынамалар таратады.

Құрметті азаматтар! Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі су айдындары маңында, сон­дай-ақ табиғатқа демалуға шық­қанда өте мұқият бо­лу­ларыңызды айрықша ес­кер­теді. Естеріңізде болсын, қа­уіп­сіздік қағидаларын бұзу қай­ғылы оқиғаларға соқтыруы мүм­кін. Өзіңіздің және жа­қын­да­рыңыздың өміріне сақ бо­лы­ңыз­дар!

Автор:
Б. Әділжанов, Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері. азаматтық қорғау лейтенанты