Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесу


27 апреля 2021, 08:05 | 1 682 просмотра



Талдықорған гарнизонына қарайтын әскери бөлімде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс бөлімінің бастығы Дария Досанбекова мен медицина қызметінің лейтенанты Ұлан Шағапов бірлесіп әскери қызметшілердің үйлеріне арнайы барып, COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әскери қызметшілер өз қызметтерінде негізінен жауынгерлік оқу-жаттығу процестеріне, күнделікті қызмет тапсырмаларына көп көңіл бөліп, отбасыларының жағдайына, әлеуметтік-тұрмыстық шешілмеген мәселеріне уақыт бола бермейді. Әскери ұжымдардың әскерилердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі тап осындай мәселелер бойынша көмек көрсетеді.

Мұндай шараның мақсаты әскери ұжымдар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының  алдын алу.

- Әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды вакцинациялау қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдан шығудың жалғыз құралы. Сондықтан індеттің алдын алу үшін екпе алуға шақырамын. Болашақ - өз қолымызда, - деді әскери қызметшілерінің отбасыларымен жұмыс бөлімінің бастығы Дария Досанбекова.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі