Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті


23 апреля 2021, 05:18 | 1 798 просмотров



20 сәуір күні Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде комиссия мүшелері келесі мәселелерді қарады:

  1. Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы"  №64-339 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. «Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің жерінде дене шынықтыру – сауыктыру кешенінің құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі №49-249 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. «Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы мектепке дейінгі білім беру қызметін көрсету үшін – жеке меншік нысан – балабақшаны жөндеу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 7 қарашадағы №36-194 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. «2018 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі №30-161 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. «Талдықорған қаласындағы жабық жүзу бассейн құрылысы және пайдалануы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» 2019 жылғы 25 ақпандағы №43-226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен айқындалған қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыруы, 2019-2021 жылдар аралығында атқарған қызметі және құзыретті органдар тарапынан айқындалған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстары туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған  облыстық   бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндап өтті.

Екінші, үшінші, төртінші, бесінші мәселелер бойынша депутаттар шешімдерге ұсынылып отырған өзгерістерді сессия қарауына енгізді.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық тексеру коммисиясының төрағасы Мейрам Мирзанұлы Мусаев облыстық тексеру комиссиясының ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен айқындалған қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыруы, 2019-2021 жылдар аралығында атқарған қызметі және құзыретті органдар тарапынан айқындалған кемшіліктерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті.

Мейрам Мусаев өз сөзінде, басшылық ететін мекемесі тарапынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңымен айқындалған өкілеттіліктер шегінде 2019-2020 жылдар аралығында 64 тиімділікке, 34 сәйкестікке аудиторлық іс-шара жүргізіп 776 мемлекеттік аудит объектісін аудитпен қамтылғанын атап өтіп, іс-шаралардың қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне 376 тапсырмалар мен ұсынымдар жолданғанын хабарлады.

Комиссия отырысында халық қалаулылары тарапынан қаралған сұрақтар бойынша қаулы қабылданып, мәселелер бойынша жергілікті атқарушы өкілдеріне ұсыныс берілді.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі