Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Казино күзетшісі тексерушілерге қарсылық көрсетіп, оқ атты


21 апреля 2021, 08:18 | 2 141 просмотр



Қапшағайда казиноның күзетшісі атыс шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, оқиға 18 сәуірде сағат 23:00 шамасында болған.

Күзетші монитрингтік топтың жұмысына қарсылық танытты. Ол өз қаруымен аспанға бір рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Ер адам сол жерде ұсталды, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, деп атап өтті полициядағылар.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Қапшағай ПБ-ның уақытша ұстау изольяторына тоғытылды, дейді полициядағылар.
Автор:
Zakon.kz