Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПОЛИКЛИНИКАҒА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ?


19 апреля 2021, 11:05 | 1 133 просмотра



Электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы арқылы поликлиникаға тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы авторизация жасау қажет.

«Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетуші медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау керек.

Сосын «Онлайн сұрау» батырмасын басып, электронды форманы толтырып, сұрауды жібересіз.

Барлық қадамды дұрыс орындасаңыз, медициналық ұйымның электронды цифрлық қолтаңбасымен бекітілген тіркелу туралы хабалама келеді.

Тіркелуге 1 күн кетеді.

Поликлиникаға барып, өтініш беретін азаматтарға ЭЦҚ қажет емес, өтініш пен төлқұжат жеткілікті.

Мекенжай, жұмыс орны, оқу орны, жазасын өтеу орны, әскери қызметін өтеу орны ауысқан жағдайда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының қайта құрылуы немесе жабылуына байланысты жылына бір рет медициналық ұйымды ауыстыруға болады.

Сонымен қатар, жылына бір рет тіркелу науқаны кезінде поликлиниканы ауыстырға мүмкіндік бар.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы