Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда онкүндік өтті


19 апреля 2021, 10:06 | 1 183 просмотра



Талдықорған гарнизонында «Әскери антыңа адал бол» тақырыбында онкүндік өткізілді.

Онкүндіктің бастапқы күндері жеке құрамның мінез-құлқын анықтау мақсатында психологиялық тест пен жеке сұхбат арқылы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Шара барысында әскери бөлімнің идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицері майор Айна Иманова Отан қорғаушыларға «Әскери антыңа адал бол» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шарада әскери қызметшілерге өзіне жүктелген міндеттерді орындамағандың, қызметтен жалтарғандардың, әскери антты бұзғандардың жауапкершілікке тартылғаны сынды оқиғаларды мысалға келтіре отырып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

-  Әрбір әскери қызметші өзінің әскери борышын, өз Отанын қорғаудағы жеке жауапкершілігін сезінуі және антына адал болуы керек, - деді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Қанат Жұмашев.

Әскери антқа беріктік сөзден гөрі іспен айқындалары даусыз. Нәтижесінде бөлімнің жеке құрамы мұны осындай іс-шаралар арқылы ұғынатын болады.

– Отанды қорғау біздің қасиетті борышымыз. Ант берге соң, антқа адал, еліміздің патриоты болып,  Отанға мүлтіксіз қызмет ете берейік, - деп, қарулас достарына жігер берді бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі кіші сержант Ерлан Сенбіұлы.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі