Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери қызметшілер бақылау тексерісін тапсыруда


19 апреля 2021, 10:02 | 1 180 просмотров



Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінде қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау тексерісі өтуде. 

Жыл сайын өтетін бақылау тексерісінің негізгі мақсаты – жеке құрамның даярлық деңгейін тексеру. Әскери қызметшілердің дене даярлығы, атыс, саптық, мемлекеттік-құқықтық даярлық, жарғылар бойынша тексеріледі. Тексеруді арнайы адамдардың тағайындалуымен құрылған комиссиялар, қару-жарақ және әскери техникалармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды қадағалайды.

- Бұндай бақылау тексерісі әскери қызметшілердің жауынгерлік және жедел даярлық деңгейін жетілдіруге бағытталған. Жауынгерлер кез келген жағдайға дайын болуы қажет. Сол себепті осындай бақылау тексерісі қажет, – деп атап өтті  әскери бөлімнің командирі полковник Қайрат Мырзағалиев.

Айта кетсек, бақылау тексерісі жеке құрамның жауынгерлік дайындығының деңгейін, кәсіби дағдысын, жауынгерлік әзірлік бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асырудағы, сондай-ақ міндеттерді пысықтаудағы жауынгерлік әзірлігі мен үйлесімділігінің деңгейін бағалауды көздейді.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі