Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу іс-шаралары өтуде


16 апреля 2021, 08:26 | 1 301 просмотр



Талдықорған гарнизонында Әскери полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша іс-шаралар өтуде.

Оның мақсаты – жолда жүру кезінде әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау жолдарын қарастыру болып табылады. 

Аталған іс-шара аясында Әскери полиция қызметкерлеріне гарнизондағы әскери және жеке көлік тізгіндеушілерін арнайы автотұраққа апарып, сол жердегі көлік апатына түсіп, жарамсыз қалған автокөліктер көрсетілді.   

-Мұндай шаралар әскери қызметшілермен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін саналарына сіңіру болып табылады, - деді Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері әділет капитаны Нұрбол Зейтинов.

Айта кетсек, осындай жол қауіпсіздігінің алдын алудағы маңыздылығы өте зор іс-шара нәтижесінде, әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары гарнизонда біршама азайған. Сол себпті, мұндай шаралар өз жалғасын табатын болады.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі