Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту тәртібі


9 апреля 2021, 06:10 | 127 просмотров



Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын халыққа хабар беруді қамтамасыз етеді және азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастырады.
      «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер азаматтық қорғау саласында хабар беруді және білімді насихаттауды жүзеге асырады.
       Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар туралы ақпарат жария және ашық болып табылады және азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралы арқылы халыққа беріледi.
       Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі алдын aлy мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында төтенше жағдайлардың туындау қатері кезінде уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне оның сипаттамаларын көрсете отырып, қажетті ақпаратты дереу ұсынады.
      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі төтенше жағдайдың туындау қатері туралы ақпарат алған кезде бұл туралы төтенше жағдайлар болжанатын аймақтағы халыққа, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың іс-әрекеті тәртібі туралы дереу хабар береді.
      Орталық және жергілікті атқарушы органдар халыққа азаматтық қорғау саласында өздері қабылдаған шаралар туралы хабар береді.

      Азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау:

      1) халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде республикалық және облыстық (қалалық) телеарналарда арнайы бағдарламалар құру арқылы, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы хабар беруді ұйымдастыруды;
      2) азаматтық қорғау саласындағы білімді, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік қағидаларын насихаттайтын тұрақты жарияланымдарды, басылымдарда, интернет-ресурстарда, телерадио хабарларын тарату желілері бойынша хабарларды беруді ұйымдастыруды қамтиды.
      Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау жоспарын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
      Азаматтық қорғау саласында халықты және мамандарды оқыту осы бірыңғай жүйе шеңберінде ұйымдастырылады және мыналарды:
      1) азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандары, білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары үшін уәкілетті орган ведомствосының және ынтымақтастық туралы уәкілетті орган келісім жасасқан шет мемлекеттердің ұйымдары мен оқу орындарында даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді;
      2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшылары үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді;
      3) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлері үшін жұмыс орны бойынша даярлықтан өтуді;
      4) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған ұйымдардың жұмыскерлері үшін, сондай-ақ жұмыс істемейтін халық үшін – радиохабарларды тыңдау, интернет-ресурсты, телебағдарламаларды, жадынамаларды, парақшалар мен буклеттерді қарау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыбы бойынша өткізілетін іс-шараларға бару арқылы төтенше жағдайлардан қорғану мәселелерін дербес зерделеуді;
      5) оқу орындарының студенттері және оқушылары үшін – «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» пәнінің оқу бағдарламалары бойынша сабақтар өткізуді, төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбы бойынша әртүрлі конкурстарға қатысуды;
      6) мектепке дейінгі мекемелердегі балалар үшін – ойындар өткізуді, қоршаған ортадағы қауіпсіз жүріс-тұрыс жөніндегі ертегілер мен балаларға арналған кітаптарды тыңдауды, ата-аналарымен әңгімелесуді;
      7) азаматтық қорғау саласындағы мамандар үшін ынтымақтастық туралы уәкілетті органмен келісім жасасқан Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің оқу орындарында даярлықтан өтуді көздейді.
      10. Іс-қимыл дағдыларын пысықтау және алған білімдерін бекіту үшін халық және азаматтық қорғау саласындағы мамандар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығу, жаттығу мен сабақ түрлеріне сәйкес оқу-жаттығулар мен машықтануларға және сабақтарға тартылады.
      11. Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
      12. Әрбір оқу тобын оқыту практикалық жаттығулар өткізумен және тестілік тапсырмалар тапсырумен аяқталады.

Автор:
Б.Әділжанов, Ақсу ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты