Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қариялар азайып бара жатыр


25 декабря 2010, 07:52 | 8 287 просмотров



Өлеңін жазған М. Мақатаев

Әнін жазған Қ.Құрманәлиев.

Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын.

Бара жатыр сарқылып дариялар...

Қайырмасы:

Неменеңе жетістің, бала батыр?

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Қайырмасы:

Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,

Айтысың да басылмас, ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда.

Қайырмасы.

Автор:
Айдарды жүргізушы Ырыс АҚАДЫҚ К.Р.А.