Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дариға, домбырамды берші маған


25 декабря 2010, 07:53 | 3 147 просмотров



Өлеңін жазған М. Мақатаев

Әнін жазған Т.Рақымов.

Дариға, домбырамды берші маған,

Жаныма келші, жарым, келші, балам!

Бейуақ, іңірдегі көңіліме,

Күй болып, күңіреніп енші, далам.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

Өсірген өнерімді қызыр –бабам,

Үніңнен айналайын бұзылмаған.

Киелі пернеңе бір қол соқпасам,

Ішектерің жетімсіреп ызыңдаған.

Домбырам, досым менің күй аңсаған,

Өзімді, өмірімді қиям саған.

Шағымда шабыттанған, қиялдаған,

Шанағың бір шаттығын құяр маған.

Ерке назым менің де, сазым менің,

Шыбынсыз, шуақ шашқан жазым

ба едің?

Дариға, домбырамды берші маған,

Айналып, ұшсын аққу-қазым менің.

Автор:
Айдарды жүргізушы Ырыс АҚАДЫҚ К.Р.А.