Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ыңғайлы және ашық түсті киімдер тренді: қазақстандықтар AliExpress – тен не сатып алады


1 апреля 2021, 05:39 | 848 просмотров



Көктем дәстүрлі киім – кешекті жаңарту және жаңа маусымға дайындалу аралығы. Ауа – райының жылуынан қазақстандықтардың киім – кешектері қалай өзгерді және 2021 көктемінде қандай трендтерді ұнататындығын AliExpress сарапшылары анықтады.

Маусымның басты үрдістерінің бірі худи және свитшоттар секілді жайлы және қолайлы заттарға сұраныстардың артуы болды – осы категориядағы тауарлар  1 ақпан мен 20 наурыз аралығында өткен жылдың ұқсас аралығымен салыстырғанда 2 есеге өсті.   Көптің сұранысына ер адамдармен қатар әйел адамдарға да үйлесетін әмбебап өлшемдегі толстовкалар  болды. Сонымен қатар қазақстандықтар әлемдік моданың үрдістерін қадағалап, AliExpress – тен  2021 жылға Pantone Color Institute  ұсыныстарына сәйкес тауарлар сатып алған, отандастар ашық түстер мен ең актуалды реңктерді: сарғылт – сары, аспан- көк, метолды,  қып – қызыл, қызыл күрең және күлгінтасты таңдаған.  

 Сонымен бірге осы көктемдегі киімдердің көп сұранысқа ие болғандарының қатарына жеңсіз көйлектер мен жиделер кірді – осы заттардың сатылымдары да екі есеге артты.   Әйел адамдарға арналған үлгілердің арасында жұмсақ реңктегі иығы ашық жиделер, ал ер адамдардың киім – кешектерінің арасында аниме стиліндегі принттері бар  оверсайз  жеңсіз көйлектер көш бастады.

Жайлылық пен қолайлылықтың үрдістерін 2021 көктемдiк маусымының жаңа тренді – колор блок стиліндегі ер адамдарға арналған спорттық костюмдері де растайды, оларға платформада ағымдағы жылдың ақпан – наурыз айларында өткен жылмен салыстырғанда сұраныстар 2,5 есе артқан. 

Бірақ сатылымдардың серпілісі свитерлер мен жемпірлерге келді – оларды өткен жылдың ұқсас аралығымен салыстырғанда ағымдағы аралықта 24 есе көп сатып алған. Осы категорияда басты әспеттісі корей стиліндегі қысқартылған трикотажды  кардигандар болды.  

Сонымен қатар платформада қысқа – белдемшелер, жайлы фланельден тігілген жиделер – бойфрендер және жеңі көлемді, ұсақ принті бар миди – көйлектер үлкен сұранысқа ие болған.   

Көктемге аяқ – киім таңдағанда  - қазақстандықтар қолайлылыққа назар аударған. Сатылымдардың сөзсіз көшбасшысы каучук табаннан тұратын әйел адамдардың слипондары болды. Туфли категориясының өзінде тұмсығы жалпақ көлемді платформада «лолита» үлгісіндегі ыңғайлы туфлилар сұраныста болған. 2021 жылдың ақпан – наурыз айларында ер адамдардың аяқ – киімдерінің категориясында жалбызды түстен ашық – сарғылт түстегі ашық кроссовкалар көшбасшы болды. 

Өткен жылмен салыстырғанда бас киімдердің сатылымына сұраныс 2 есеге ұлғайды. Сұранысқа ие болған үлгілердің арасында  панамалар, бейсболкалар, тедди – қалпақтары мен гүлді принті бар шығыс шалмалары кездеседі.

Өздерінің стильді кейіптеріне қосымша - қазақстандықтар сөмкелер мен клатчтар сатып алған, оларға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Әйелдердің әртүрлі түстердегі минималистік мата үлгілері, принті бар сөмкелер, сонымен қатар рюкзактар нағыз трендке айналған. Ер адамдар белдігі бар сөмкелерді ұнатқан.  

Өткен жылмен салыстырғанда әшекейлер мен  бижутерияға сұраныс шамамен 2 есеге өскен. Осы категорияда қазақстандықтардың жиі тапсырыс беретіндерінің қатарына мойынтұмары бар көлемді алқалар, қысқышты сырғалар және сақина жиынтықтары кірді. 2021 маусымының жаңа тренді – қолдан жасалған әшекейлер болды, бижутерияларды жасауға арналған фурнитуралардың сатылымы 3,5 есеге өсті.  

Сонымен қатар көктемгі науқан қарсаңында сұранысы артатын аксессуарлар – күннен қорғайтын көзілдірік, жалпақ белбеулер, банданалар мен стильді қорғану маскалары болды.

Автор:
AliExpress баспасөз қызметі