Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сақтықты ұлғайтқан жөн


29 марта 2021, 10:29 | 616 просмотров



Бүгінде әлемнің бедері өзгерді. Адамзат баласы үшін үйреншікті тірліктен ауытқып, қатаң ережелер төңірегінде тұрмыс кешуге де дағдыланып қалғандаймыз. Тәжвирусының тамыры күнігі тереңге қарай беттеп барады. Бұған дүниежүзі халықтарының шамасы келмей жатқаны да жасырын емес.

Бізге сақтықты барынша ұлғайтқан жөн. Бұрынғыдай той-томалақ аралап, туған-туысқа меймандап бару, жиын-шаралар ұйымдастыру дегеннен мүлден тыйылған абзал. Вирус – ойнайтын дүние емес. Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның өмірін қиып, жаһандық дағдарыс әкелген ауруға қоғам болып төтеп бермесек, көңіл көншітер жетістіктерге жетеміз деп айту да қиын.

Мәліметтерге сәйкес Алматыда коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамға ұқсас белгілері анықталды. Бұл мегополис дерт жұқтыру жағынан да елімізде алдыңғы қатарда тұр. Ауданымызбен арақышақтығымыз да көп емес. Күнігі қатынаған көліктер, сапар шеккен азаматтар. Барлығын да тексеріп, бақылауға алу да мүмкін емес. Сондықтан да ең алдымен сақтық шараларын әркім өз жеке басынан бастаса игі еді.

Ең алдымен жеке бастың гигиенасын және қоғамдық орындарда арақашықтық пен карантин талаптарын толықтай орындаса дерт жұқтыру көрсеткіші де азая түспек. Бетперде тағы мәселесіне жіті назар аудару керек. Бұл ең басты талап.

Өкінішке орай, ауданымызда да вирус жұқтырғандар саны 300-дің маңайына тұрақтады. Дәрігерлер тарапынан барлық қажетті шаралар қолға алынып, жұмыс қарқыны да ұлғая түсті. Бізге артылған жауапкершілік жүгінің салмағы да артты. Ақ халатты абзал жандай вируспен күресте алғы шепке шығып, барлық күш-жігерлерін жұмсауда.

Сіздер де біздің жұмыстың нәтижелі болуы үшін барынша септесіп, сақтық шараларын қадағалауда жауапершілік танытсаңыздар жөн еді. Күш – бірлікте, ал сол бірлік туын биікке көтеріп, бұл сынақтан да аман-есен шығуымыз үшін тастүйін ымырашылдығымыз бен ортақ іске келгенде жұмыла әрекет ету сынды қисеттерімізді жоғалпауымыз керек.

Автор:
А.БУТАБАЕВ, аудандық орталық аурухананың директоры