29 марта 2021, 07:16 | 737 просмотров
Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған әйел жүкті кезінде көп күтімді қажет етеді. Егер әйелдің иммундық жағдайы 200мл/жасушадан төмен болса, онда ол ЖИТС кезеңі болып табылады. Сондықтан жүктілік пен босану кезінде вирустың берілуінің алдын алу үшін бір немесе үш антиретровирустық препараттардан тұратын арнайы профилактикалық курс тағайындалады. Оны жүктіліктің 14-ші аптасынан бастап қабылдай бастайды. Жүктілік пен босану кезінде уақытылы болған ем-шаралар 1-4% -ға дейін қауіпті төмендетуі мүмкін. Алайда, вирустың балаға берілуі ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.
АИТВ-сы бар әйелдердің бала босануының оңтайлы әдісін дәрігер шешеді. Кейбірі қауіпті азайту үшін баланы іштен жарып алу тәсілін ұсынады. Алайда, бұл құрсақ операциясы әйел денсаулығына қауіпті қан кету және операциядан кейінгі инфекциялардың жұғуына алып келуі мүмкін. Сондықтан әйелде жоғары вирустық ауыртпалық болмаса және баланы іштен жарып алуға басқа белгілері болмаса дәрігерлер көпшілігі табиғи жолмен босануды ұсынады.
Есірткі қабылдау, алкоголь және темекі тарту балаға АИТВ-ны жұқтыру қауіпін арттырады, олардан аулақ болған жөн. Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану баланың АИТВ-ның оң нәтижелі болып туылу ықтималдығын азайтады. Күйзелісті мүмкіндігінше болдырмау керек, көп дем алу керек. Кейбір витаминдер баланың дамуы үшін пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар баланы АИТВ-дан да қорғайды. Тек ол дәрумендерді дәрігердің тағайындауы тиіс екендігін есте сақтау қажет. Емізу кезінде балаға АИТВ-ның берілу ықтималдығы шамамен 14% құрайды, сондықтан емізу ұсынылмайды. Жасанды тамақтандыру нәрестені барлық қажетті заттектермен қамтамасыз ете алады.