Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорған гарнизонында алдын алу жұмыстары жүргізілді


29 марта 2021, 07:12 | 355 просмотров



Талдықорған гарнизонының Әскери полиция бөлімі, «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, әскери қызметшілердің арасында қоғамдық орындардағы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін, гарнизондағы әскери қалашықтарда орналасқан сауда орындарының иелеріне түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізді.

         Салауатты өмір салтын ұстану бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді, сонымен қатар ол мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді.

         Әскери қызметшілер арасында қоғамдық орындарда тәртіп бұзған жағдайда, Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің сенім телефонына хабарласуға болатындығы жеткізілді.

         - Бұл іс-шараның мақсаты тәртіпсіздікке жол бермеу жолдарын, құқық бұзушылық, жанұяның бұзылуы сияқты көптеген қиындықтардың алдын алу болып табылады, - деді Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімі бастығының орынбасары капитан Айбын Сәмбетбаев.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі