29 марта 2021, 05:54 | 600 просмотров
Талдықорған қаласындағы 54380 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында демалыс күндері спорт күні өткізілді. Бұл спорттық іс-шара әр түрлі спорт түрлерінен ұйымдастырылды.
Спорттың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын өзгертіп, біріктіреді және де денсаулықтарының мықты болуына жақсы әсер етеді.
Халық денсаулығы – мемлекеттің баға жетпес, байлығы мен игілігі. Дені сау адам ғана тиісті деңгейде қоғамға қызмет етуге, оның экономикасын дамытуға және арттыруға үлес қосу мүмкін.
Әскерилер футбол, арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күрес пен асық ату түрлері бойынша сайысқа түсті.
Жалпы осындай спорттық іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат әскери қызметшілердің дене бітімін шынықтырып, дайындау, сондай-ақ, жауынгерлердің рухын көтеріп, ұжым арасында әскери достастықты және жауынгерлік достықты нығайту әрі қалыптастыру.
- Отан қорғаушы әрқашан денесі шыныққан, кез келген жағдайда түрлі қиындықтарға төтеп бере білуі керек. Осы әскери бөлім қызметшілерінің спорт дайындықтары мықты болуына күш-жігер салудамыз. Сондықтан осындай спорттық іс-шаралар жиі болып тұрады. Әскердің қуатты болуы – ел қорғанысының берік болуының негізі, - деді 54380 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене даярлығы бөлімінің қызмет бастығы капитан Камалидин Юсупов.
Спорт сайысына әскери қызметшілердің барлығы бір ауыздан қатысып, іс-шараны жандандырды.