Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қоқыс өртеуге тыйым салынады деп жиі айтылып жүргенімен тұрғындар бұған құлақ асар емес


25 марта 2021, 04:22 | 195 просмотров



Қоқыс өртеуге тыйым салынады деп жиі айтылып жүргенімен тұрғындар бұған құлақ асар емес. Құрғақ ауа және қатты жел оттың таралуына себепші болады. От жағу, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды өртеу жұмыстары ғимарат пен үй-жайлардан 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы қажет. Шаруашылық құрлысының жанында қоқысты өртеп, сөндірмей тастап кететіндер аз емес. Осындай салғырттықтың салдарынан  өрт  оқиғасына әкеп соқтырады.

Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында Көксу ауданының ТЖБ Тұрғындарға үй ауласында қоқыс жағудың қауіпті екентігін ескертуде!

Автор:
Дархан Айдарұлы, Көксу ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты