Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шектеу шараларын жеңілдетіп едік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар қатары өсті – Е.Қиясов


18 марта 2021, 07:14 | 324 просмотра



Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

17 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 226 767 науқастанCovid-19 және 49 896 адамнан КВИ анықталды. 208 074 КВИ+ және 45 428 КВИ-мен диагнозы қойылған науқас жазалып шықты. Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда ауру 30% төмендеген. Сонымен қатар, соңғы 5 күнде тәулігіне 1 мыңнан астам жағдай анықталды.

«Өткен аптамен салыстырғанда осы апта сырқаттанғандар саны 12%  өсті (5323-тен 5799-ға дейін). Қазақстан «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» ауысты», - деді Е.Қиясов.

Эпидемиологиялық бағалау бойынша, бүгінде 3 өңір  «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы. Алматы облысы орташа қауіпті аймақта немесе «сары аймақта». Сондай-ақ,«сары аймақта» Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстары тұр. Қалған өңірлер «жасыл аймақта».

«Шектеу шараларын жаппай жеңілдету салдарынан ауру өршиді, мәселен, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпті аймаққа көшкен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин күшейтілді», - деді вице-министр.

Мәселен, 2020 жылғы 6 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстермен 322 600 астам жолаушы келді, оның ішінде 44 805-і немесе 14%  тест тапсырды, 239 адамнан ауру анықталды.

ҚазақстанныңМемлекеттік шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 835 мыңнан астам адам кесіп өтті, олардың 20% (161 313) тест тапсырды, 809 адамнан індет анықталды.

Е.Қиясов оқу оффлайн режимге ауысқанын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі оқушылар арасында күнделікті мониторинг жүргізетінін хабарлады.

«Өкінішке қарай, студенттер арасында коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде, оқу жылының басында 10 мың 400 астам оқушы ауырып қалды, олардың 3 324-і офлайн режимде оқиды.Қазір өңірлерде және жеке мектепте сырқат деңгейін ескере отырып, карантиндік шаралар сараланған түрде қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстанда жалпы білім алушылар арасындағы науқас саны 0,2% аспайды», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Сары және жасыл аймақтарда орналасқан өңірлерде карантин режимін барынша жеңілдетілген. Сонымен қатар, мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Мәселен, ақпанда қаңтармен салыстырғанда рейд саны 1,3 есеге (15450-ден 19923-ке дейін) артты, шектеу шараларын бұзғандар 3,6%  құрады.

Келушілердің көптігіне (түнгі клуб, мейрамхана мен компьютерлік залдар) байланысты объектілер әлі де заңсыздыққа баруда. 2021 жылғы ақпанда санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты  әкімшілік іс 1,7 есе (726-дан 1282 адамға дейін) өскен.

Вице-министр республикада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасып жатқанын еске салды. Бірінші кезеңде 83 839 адам егу қабылдады. 22 ақпаннан екінші компонентпен егу басталды, 19 312 адам вакцинацияланады,  жағымсыз реакция тіркелген жоқ.

Өңірлерде 628 егу пункті ашылды, олардың 451-ііске қосылған, барлығы арнайы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. Наурыздың соңына қарай «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы келеді деп күтілуде, биыл 1 сәуірге дейін екпе өңірлерге таратылады.

Қорытындылай келе, Е.Қиясов қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ,  коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын, әлеуметтік арақашықтық, маска режимін сақтауды еске салды.Вице-министр тұрғындарға, бизнес өкілдеріне барынша жауапкершілікпен қарауға назар аударды. Ол үшін әр адам карантин талаптарын орындауы керек.