Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАЙ ҒАНА ПРОСТАТИТ ЕМЕС


24 декабря 2010, 14:34 | 7 079 просмотров



Статистика деректері бойынша простатит ер адамдардан несеп шығару жолының бұзылуына байланысты түсетін шағымдарының үштен бір себебі болып табылады. Бұлар тек кәсіби көмекке жүгінгендер ғана!

Созылмалы қабыну бедеулік себептерінің бірі болатыны кеңінен белгілі болса да, көпшілік адамдар «менде бәрі дұрыс» деп ойлағанды жөн көреді немесе «басылатын шығар» деп күтеді. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамдар өз денсаулығы бойынша медициналық көмекке өте сирек жүгінеді екен. «Ер адамды тексерілуге шақыру үлкен проблема тудырып отыр, өйткені тұтас қоғам сияқты, еркектер де бедеулік мәселесі тек әйелдерге байланысты деп санайды. Ал шын мәнінде бедеуліктің 50 пайызы ер адам ағзасындағы себептермен байланысты. Соңғы деректерге қарасақ, жағдай ушығып келеді. Ең қарапайым индикатор – ұрық донорларын іздеп табу. Тексерілуге келген жүз еркектің 6-7 ғана донор болуға жарайды», – деп әңгімеледі Қазақстандық өнімді медицина ассоциациясының президенті Вячеслав Локшин.Сонымен, простатит – бұл қуықасты безінің қабынуы (простата).

Төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1.Жедел бактериялық простатит. 2.Созылмалы бактерия-

лық простатит. 3.Созылмалы бактериялық прос-

татит. 4. Қабынған созылмалы жамбас ауруының синдромы. 5.Қабынусыз созылмалы жамбас ауруының синдромы (простатодиния). 6.Ауру белгісі жоқ қабынған простатит.

Сырқаттың симптомдары мен клиникалық белгілері: 1.несеп шығаруда қиындық, жиі қысылу, қуықтың толық босамағанын сезіну, зәрде жүзіп жүрген жіптердің болуы; 2. жыныстық қатынастың бұзылуы, эрекция механизмінің бұзылуы – потенцияның төмендеуі немесе керісінше ұзақ уақытқы түнгі эрекция, ұрықты шапшаң шығару, оргазмның жоғалуы; 3. сегізкөзге, бұтаралыққа, әсіресе ұмаға ауырсынулар бері-

леді; 4. бұтаралықта және үрпіде күйдіруді сезіну; 5. дефекация кезінде жағымсыз сезімдер және созылмалы үрпілік бөлінулер; 6. жалпы шаршағандықтың артуы; 7.психикалық жабыр-

қау, тағы болатын асқынуларды күту, алаңдаушылық. Бұл симптомдардың қатар жүріп, бір уақытта байқалуы міндетті емес. Аурудың клиникалық көрінісі бір науқаста болсын, бірнеше науқаста болсын аса өзгерімпаз келеді.

Ауруға бейімделушілік факторлары:1.Шығару жолдары және бұлшық ет элементтері құрылысының, простаттың қанмен қамтамасыз етілуінің туа біткен ерекшеліктері. Осыған байланысты оның бөлінділерінің қайтуы қиындап, ұсталып тұрып қалуға әкеледі де, қабынуға бейімдейді. 2.Гормон бұзылуы – жыныстық қатынассыз өмір сүретін, тіпті мастурбация жасамайтын жас адамның ағзасында дамуы мүмкін.

Қауіп факторлары: - ағзаның жалпы тоңуы;- үлкен дәреттің жиі шықпауы;- отырып жұмыс істеу;- ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болмау немесе шектен тыс жыныстық белсенділік;- аз қозғалыстағы өмір салты;- ағзаның созылмалы қабынған аурулары және инфекцияның созылмалы ошақтары;- венерологиялық және урологиялық аурулармен ауру;- ағзаның иммундық жүйесін қысымға алып келетін кез келген иммундық жағдай.Осы факторлардың барлығы микроағзалардың көбеюі мен қабыну процесінің дамуына әсер ететін микробтардың қуықасты бездерге енуін жеңілдетеді немесе кіші жамбас органдарының қанмен қамтамасыз етілуін тоқтатып, төмендетеді. Прос-

татиттің белсіздіктің себебі болатыны туралы жиі естейміз, бірақ бұл асқынған сырқатқа тән сипат. Бастапқы кезеңде (үнемі емес) диспотенция, яғни әр алуан болып келетін сапалық бұзылыстағы потенцияның төмендеуі. Кейбіреулерде эрекция нашарлайды, ал кейбіреулерде, керісінше, түнгі эрекциялардың жиілігі байқалады, өшірілген оргазм (оргиастикалық сезім өткірлігінің бәсеңдеуі) деп аталатын жедел ұрық шашу да жиі көрініс береді. Ұрық шашу және оргазмнан кейін ауырсынулар жиі байқалады, оның нәтижесінде науқас жыныстық қатынастан бас тартады. Асқынған простатит кезінде белсіздікпен аяқталатын жыныстық функцияның қажуы байқалады.

– Жыныстық бұзылуларды негізгі әдістерді білетін кез келген дәрігер емдей алады. Бірақ дәрігерлер науқас ер адамдардан олардың жыныстық денсаулығы туралы сұраудан қысылады. Осының салдарынан науқас ер адамдар проблемаларын шешуге көмектесетін маманды іздеп табу үшін үш жылдан бес жылға дейін уақытын жоғалтады. Нәтижесінде осындай статистиканы көріп отырмыз, – деп түсіндірді жыныстық медицина дәрігерлері ассоциясының президенті Болат Шалекенов.Ал статистика мынадай: Ғылыми орталық ерлердің өнімді жүйелерінің жағдайын бағалау үшін 24 мыңнан аса ер адамды тексеруден өткізді. Тексерілген әрбір екінші адамның жыныстық өмірінде қиындықтар бар екендігі анықталды, әрбір үшінші адамның сол уақытта ұрықтандыру қабілеті белгісіз және олардың жартысы дерлік жұқпалы сипаттағы ауруларға байланысты осы қиындықтармен кездесіп отыр. Қорқынышты деректер назардан тыс қалған жоқ: 2009 жылдан бастап 2012 жыл-

ға дейін Қазақстанда «Ер адамдар және өнімді денсаулық» атты бағдарлама аясында халыққа андрологиялық көмек көрсететін мекемелер желісі – ерлер кеңесі құрылып, жүзеге асырылатын болады. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық ерлердің жыныстық және өнімді денсаулығы сақтау орталығы ашылатын болады. Ал әзірше, ер адамдарға өз денсаулықтарын сақтап, қауіп төндіретін факторлардан сақтанып, тексеруден үнемі өтіп тұру туралы кеңес беруге болады. Қазақстандық репродуктивті медицина ассоциа-

циясының президенті Вячеслав Локшиннің сөзі бойынша, сырқат оқиғаларының 70%-нда өнімді денсаулықты қалпына келтіру үшін белгілі бір дәрілік заттарды қолданған жеткілікті және қосал-

қы технологиялардың «ауыр артиллериясынсыз» емделуге болады.

Автор:
Мария ПЕТРЕНКО