Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖЫНЫС АУРУЛАРЫ ӨРШIП ТҰР


24 декабря 2010, 14:35 | 1 716 просмотров



Қыз-келiншектер ұрпақ көтерiп, бала өсiруге қабiлеттi жасын-

да денсаулығына ерекше жауапкершiлiкпен қарауға тиiс. Денi сау әйел түсiк жасатудан мейлiнше аулақ болғаны жөн. Оның үстiне, қай дiн болса да баланы алдыртуды күнәнiң үлкенi санайды. Жасанды түсiктiң аяғы ана өлiмiне соқтырып, жыныс жолдарының қабынуын күшейтiп, бедеулiкке ұрындырады. Мұның бәрiн ысырып қойып, жасанды түсiктен кейiн бала көтере қалған жағдайда, әйелдiң денсаулығы сыр бередi: сәбиi құрсағында жатып өлiп қалады, не туа бiттi кемiстiктерге душар болады.

Дәрiгерлiк тәжiрибеден байқағанымыз, көп жағдайда түсiк жасату жөнiндегi шешiмдi әйелдiң өзi қабылдайды (55,2 %). 37,2 % жағдайда ғана күйеуiмен не туған туыстарымен ақылдасады. Бұл жерде әйел өз денсаулығына жауапкершiлiк пен қарап, тағдырын кiммен байланыстыратынын, өзiмен қоса iштегi бейкүнә сәби тағдырына да жауапты екенiн ұмытпағаны жөн. Айта кететiн бiр жайт, түсiк жасату мен жыныстық жолдар аурулары өзара байланысты.

Бүкiл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiне қарағанда, бүгiнде әлемде жыныстық жолдармен таралатын 20-дан астам iндет түрi бар.

Кәдiмгi кең таралған мерезбен го-

нореядан өзге трихомониаз, хла-

мидиоз, уреа-микоплазмоз, кандидоз, гарднереллез, генитальды герпес, цитомегаловирусты iндет, ВИЧ, В гепатитi жайылып кеттi. Осы жұқпалы iндеттердiң салдары әйелдерде кiшi жамбас органдарының қабынуын, жатырдан тыс жүктiлiк, бедеулiк, шарананың түсiп қалуын, мезгiлi жетпей босану, жатыр мойнының қатерлi iсiгi, iш құрылысының басқа да ауруларын тудырады.

«Жыныс аурулары неге өршiп тұр?» деген сауалға қоғамдық құрылыстың өзгерiсiнен туындаған әлеуметтiк-экономикалық факторлар бұған себепшi деп жалпылама айтамыз. Дәстүрлi құндылықтардың орнына басқа құндылықтар келдi, ақша мәселесi алдыңғы орынға шықты. Қандай жолмен болса да ақша тап деген кесiрлi түсiнiк пайда болды. Өмiр сүру оңай емес. Адамдар денсаулығына немқұрайлы қарап, өздерiн ұмытты деуге болады. Жыныстық қатынасқа түсу бүгiнгi күнi орташа есеппен 14-16 жастан басталады. 23-24 жастағы бойжеткендер 3-4 еркектi ауыстырып үлгередi. Өкiнiшке қарай, ерте жастан жыныс-

тық қатынасқа түсудi тоқтату жөнiндегi дәрiгерлер дабылынан нәтиже аз.

Түсiктiң жолын кесу мен жыныстық аурулардың тарауын азайту үшiн амалсызданконтрацепцияның кедергiлiк тәсiлдерiн қолдану (мүшеқаптар мен спермицидтер) мен бейберекетсiз жыныстық байланыстарды доғаруды ұсынамыз. Спермицидтердiң артықшылығы – бойдағы жыныстық жұқпалы вирустарды өлтiрiп, одан ары ағзада тара-луын болдырмайды. Әсiресе, патогендi микроағзалар – гонококки, хламидия, трихомонад, микоплазма, спирохет таяқшаларынжойып жiберетiн күшi бар.

Спермицидтер–контрацепциялық қолданыстағы құрал. Қазiргi кез-

де гепатиттен өзге жыныстық жұқпалы iндеттерге қарсы екпелер жоқ. Емделу құны да қымбат, ал ақшасы жоқтар бойындағы жұқпалы ауруларға мән бермей, қолдарын бiр сiлтеп жүре бередi. Емделiп шыққан жағдайда, бiр рет ауру жұқтырған адам екiншi рет осы дертке кез болып жататыныбар. Сондықтан, әрбiр әйел заты бала тууға қабiлеттi жаста өмiрге денi сау ұрпақ әкелiп, табиғаттың берген мүмкiндiгiн барынша пайдаланғаны абзал.

Автор:
Татьяна СТАРЧЕНКО, акушер-гинеколог дәрiгерi.