Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АУЫЛЫМ ӘНІМ


24 декабря 2010, 14:36 | 3 417 просмотров



Туған ел

Өлеңін жазған М.Ниязбеков

Әнін жазған Ө.Байділдаев.

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің,

Саяңда сайрап өскен өрендерің.

Мен едім соның бірі-қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

Қашанда қарыздармын, елім саған,

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстың махаббатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.

Туған жер, өзің дегенде

Өлеңі мен әнін жазған Б.Тәжібаев.

Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!

Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!

Ауылымның түтіні қымбат маған,

Қымбат маған белдері күн қақтаған, туан жер!

Қайырмасы:

Туған жер, өзің дегенде,

Жүрегім әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау,

Жүрегім дүрсіл қағады-ау.

Көзді тартып жайнайды-ау дала гүлден,

Қасиетіңді қашанда бала білген, туған жер!

Бұл өмірде, шіркін-ай, кім жетеді?

Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Қайырмасы:

Сенсіз ән-күй жанға саз берді ме?

Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!

Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,

Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Қайырмасы:

Еділ - Жайық

Өлеңін жазған Ж.Молдағалиев

Әнін жазған И.жақанов.

Құлпырады дала, гүлдейді орман,

Емізеді егіз Еділ мен Жайық.

Ақ шағала айдын, ақталған арман,

Тербеледі кеме, ойнайды қайық.

Қайырмасы:

А-а-а!

Ағады шалқып,

Аққулары қалқып,

Еділ мен жайық.

Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр,

Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.

Әуелейді адам, самғайды сұңқар,

Шығандарға, шыңға қанатын жайып.

Қайырмасы:

Автор:
Айдарды жүргізуші Ырыс АҚАДЫҚ.К.Р.А.