Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ БАЙТЕРЕК


24 декабря 2010, 14:38 | 3 557 просмотров



Жетпіс жылдан бері еліміздегі медицина саласының мамандарын дайындап келе жатқан Талғар қаласындағы медициналық колледжін расында да тамыры терең Байтерекке теңеуге болады. Білім ордасы Республика көлеміндегі байырғы және таңдаулы оқу орындарының бірі. Осы колледж 1937 жылдан бері денсаулық сақтау саласына 25 мыңнан аса медициналық орта буын мамандарын даярлады.

Халықтың бірінші байлығы – денсаулық сақтау ісіне өз үлесін қосып келе жатқан Тал-

ғар медициналық колледжінің тарихы 1937 жылдан басталады. Ауылдық жерлерге медициналық мамандар даярлау мақсатында алғаш мейіркеш мектебі, 1957 жылдан бастап медицина училищесі болып аталады.Іргесі бекіп, керегесін кең жайған оқу орны заман талабына сай 1994 жылдан медицина колледжі статусын алды.

Талғар медициналық колледжі Қазақстан Республикасындағы медицина колледждерінің ішінде алдыңғы қатарлы медициналық оқу орнының бірі болып саналады. Көптеген түлектер медицина ғылымының кандидаттары, докторлары атанып, ғылыми зерттеу институттарында, республика көлемінде, жақын – шет аймақтарда, жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жатыр. Колледждің оқу бағдарламасы мемлекеттік жаңа оқу стандарттарына сәйкес жасалынған.

Практикалық сабақттар Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Қалыпты анатом-

ия», «Гистология», «Патологиялық физиология», «Патологиялық анатомия» кафедраларының лабораториялық кабинеттерінде, облыстық, аудандық ауруханаларда, емханаларда өтеді.

Колледж болашақ денсаулық сақшыларын медицинаның 3 саласы бойынша дайындайды. Олар «Мейіркеш ісі», «Емдеу ісі», «Акушер ісі» сияқты аса зәру мамандық түрлерін меңгеріп шығады.

Колледждің материалдық – техникалық базасы да жастардың қалаған мамандығын игеруіне толық сай келеді.

Оқу орны 4 қабатты ғимаратта ор-

наласқан. Колледжде жаңа оқу

жоспарына сәйкес хирургия, ішкі аурулар, ауруды күту, педиатрия, т.б. пәндер үшін арнайы машықтану іс бөлмелері, спорт зал, екі компьютер бөлмесі, жатақхана, асхана, машықтану базалары жұмыс істейді. Колледжде 37 жоғарғы және бірінші санатты дәрігер – ұстаздар дәріс береді. Болашақ медицина мамандары аудандық, орталық ауруханада, облыстық ауруханадан диплом алдындағы машықтанудан өтеді.Талғар медициналық колледжі мемлекеттік стандарт талабына сай кәсіби деңгейі жоғары орта білімді медицина мамандарын даярлайды. Колледждің басты мақсаты – бүгінгі күн талабына жауап беретін бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сол себепті оқытушылар ұжымы оқытуда жаңа педагогикалық технологияны меңгеріп, жұмыс істеуде.

Талғар медициналық колледжінде 813 студент дәріс алып жатыр. Олар тек қана болашақ білімін игеріп қана қоймай, колледждің қоғамдық өміріне де белсене қатысады.

Осындай үлкен ұжымды басқарып отырған денсаулық саласының үздігі Жеңіс Әшірұлы Досбаевқа тоқтала кету өте орынды. Осы ұжымда еңбек еткеніне 40 жыл, соның кейінгі 15 – жылын директор қызметін атқарып келеді. Президенттің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұжымға қадірлі, өз жұмысына тиянақты, жауапкершілікпен өз қызметін атқарып отырған білікті басшы.

Ұжымымыздың мақтанышы оқу ісі

жөніндегі директордың орынбасары

Молдамуратова Роза Досқызы өзінің біліктілігімен ерекшеленеді. Роза Дос-қызы колледждің оқу жүйесін ұйымдастырып, оқушыларға сапалы және толық білім алуы үшін колледжде жаңа талапқа сай дәріс беру әдістерін үнемі ізденісі арқылы еңгізуде. Мысалы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетімен тығыз байланыста, келісім шарт негізінде бірлесе жұмыс жүргізуде. Медицина университетінің тәжірибелі ұстаздары Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының академигі, Республикалық Тарлан сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Рақышев, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.А. Абилдинов Роза Досқызының ұйымдастыруымен оқушыларға дәріс береді.

ІІ – ІІІ курс студенттерінің бөлім меңгерушісі Каримбаева Куләш Дүнгенбекқызын ерекше атап өту қажет. Осы кісінің меңгеруімен оқу процессі жаңа білім стандарттарына сәйкес жоғары деңгейде өтуде. Негізінен оқу процессі жаңа ақпараттық технологияларға сай жүргізіледі. Оған колледжде Күләш Дүнгенбекқызының ұйымдастыруымен өтетін ғылыми – пәнаралық конференциялар айғақ. Оқушылар өздерінің меңгерген терең білімдерін, тәжірибе кезінде жасаған зерттеулерін тұжырымдап, конференцияда талқыға салып, озықтары жүлделі орын алып, Республикалық колледж аралық конференцияға жолдама алады. 3 курс студенті Омар-

ова Гулнар хирургия пәнінен «Роль медсестры в предотвращении послеоперационных осложнений» тақырыбы бойынша ІІ орынға ие болды. Күләш Дүнгенбекқызы оқушыларды творчествалық қабілетін дамытуға үнемі атсалысады.

Соңғы жылдары педагогикалық ұжым жас мамандармен толықтырылды. Соның ішінде жас ұстаз Сарсембаева Сандуғаш Бақытжан-

қызын атап өтсек, оған І курс студенттерінің бөлім меңгерушісі қызметі жүктелді. Бұл қызметте жүрген бір жарым жыл аралығында ол өзінің қабілетін толық көрсете білді. Сандуғаш Бақытжанқызының ұйымдастыруымен «Екі Жұлдыз» жобасы өте жоғары деңгейде өтті, оған ұстаздар мен оқушылар белсен қатыс-

ты, дәстүрлі салауатты өмір салтына арналған қалалық КВН конкурсын дайындап гран – при жүлдесіне колледж командасы ие болды. Оқушылардың таңдаған мамандығына байланысты «Гиппократ антын» қабылдау рәсімін жоғары кәсіби деңгейде өткізіп жүр. Сандуғаш Бақытжанқызы өзінің үлгісімен оқушыларды таңдаған мамандығына қызығушылық тудырып, ынталандырады.

Колледжде мақтан

тұтатын кабинет-

терінің бірі «Қалыпты анатомия» кабинеті. Оны 1983 жылдан меңгеріп келе жатқан білікті ұстаз – дәрігер анатомия пәнінің оқытушысы Уматова Айгүл Аймуханбетқызы. 1991 жылдан бері анатомия пәні қазақ тілінде өтеді. Кабинетте «Адам» деген үйірме жұмыс істейді. Онда жоспар бойынша жұмыстан басқа, оқушылар облыстық, колледжішілік ғылыми конференцияларға қатысуда және жүлделі орындарға ие болады. Мысалы, 2009 жылы өткен колледжішілік конференцияда 2 «Емдеу ісі» «Е» тобының және 2 «Емдеу ісі» «А» тобының оқышылары Тұрлығожаев А және Серікұлы А, Ізтілеу Г «Тұлға бұлшық еттері: кеуде, арқа, іш» атты баяндамамен жүлделі орынға ие болды. Себебі баяндамалары жаңа озық ақпараттық технологиялар бойынша өтті. Осы анатомия пәнінен алған білімдері оқушылардың біліктілігімен және бәсекеге қабілетті маман болуына үлкен әсерін тигізеді.

«Фармакология» кабинетінің меңгерушісі Иманалинова Рахима Мұхаметқалиқызы өзінің кәсіби білімімен оқушыларға осы пәнге деген қызығушылығын үнемі тудырып отырады. Оқушылар колледжаралық конференцияға қатысып, онда «Фита» үйірмесінің мүшелері 2 курс оқушылары Боранкулова М және Нұрахметова А «Өсімдік шәйлары» тақырыбы бойынша баяндама дайындап жүлделі орынға ие болып марапатталды.

«Балалар ауруы» кабинетіннің меңгерушісі Абдукаримова Индира Мақсұтқызы өзінің жоғарғы деңгейде меңгерген мамандығына сай оқушыларына терең білім беруде. Колледжішілік конференцияда 3 курс «Мейір-

кеш ісі» бөлімінің оқушысы Палымбетова Айда «Балалардың тыныс алу жүйесінің ауруларын алдын алу» атты тақырып бойынша Индира Мақсұтқызының дайындауымен топты жарып 1 орынға ие болды. Индира Мақсұт-

қызынан алған дәрістерін, колледж түлектері жұмыста мақтанышпен іске асырып жүр.

Колледждің оқушылары спорт сала-

сында түрлі жарыстарға белсене

қатысады. Атап айтсақ, «Тоғыз құмалақ» қалалық сайысында 1 орынға «Емдеу ісі» бөлімінің 3 курс студенті Нурғожаев Алмас ие болды. Талдықоған қаласында өткен облыстық денсаулық сақтау ұжымдары арасындағы спорттық жарыста біздің команда 2 орынға ие болды. Райымбек ауданында өткен ауданаралық Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасындағы жарыста біздің ұжым волейболдан 1 орынға және теннистен 1 орынға ие болды. Осы жетістіктерге өз қол ұшын беріп отырған ұстаздарымыз Гольцова Н.В., Самбетов Ж.Қ., Тунликбаев Б.Б.

Талғар медициналық колледжі білім берумен қатар студенттердің жеке қабілеттерін дамытуға, тәрбие беру жұмыстарына ерекше көңіл бөлуде. Колледж оқытушылары жыл сайын іс – шараларға, Республикалық ғылыми конференцияларға, семинарларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. 70 жылдан астам шежіреге толы оқу орны алдағы уақытта да елміздің денсаулық саласына орта буынды жас мамандар даярлауда қалыптасқан дәстүрлерді жалғастыра бермек. Басты міндет салаға білімді де білікті мамандар дайындау.

Автор:
Л.М. СҮЛЕЙМЕНОВА, тарих пәнінің оқытушысы.