Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өрт қауіпсіздік сенбілігі жалғасуда


15 марта 2021, 07:13 | 146 просмотров



Сенбілік жүргізу кезінде Ақсу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, «Ішкі істер бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың, қызметкерлерімен бірлесіп атқарылатын бірқатар іс шаралар жоспарланды. Жоспарланған шараларды жүргізудің негізгі мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, өскелең ұрпақ арасында ғана емес, сондай-ақ, ересек тұрғындардың арасында қауіпсіз тіршілік әрекеті мәдениетін қалыптастыру.

Ағымдағы жылы ӨС және АҚЖҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Жансүгіров ауылының көпшілік адам жиналатын «Долана» және «Орталық базар» базарларында өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде жадынамалар тарату арқылы жалға алушылар арасында кезекті нұсқама жүргізілді. Сондай-ақ, «Өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында радиорубка арқылы сөз сөйлеулер ұйымдастырылды. Шара барысында 150 адам қамтылды. Аталмыш жұмыс жалғасуда.

 

Автор:
Талғат Зейнолданов,Ақсу ауданының ТЖБ бас маманы,азаматтық қорғау капитаны