Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Адамдардың жаппай жиналатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі


15 марта 2021, 07:11 | 1 058 просмотров



Адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің санаты айтарлықтай көп. Оларға функционалдық өрт қаупі жағынан әртүрлі ғимараттар мен құрылыстар жатады: кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, спорттық ғимараттары, сауда орындары, қонақ үйлер, ауруханалар, қарттар үйлері, білім беру объектілері.

Берілген санат объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттармен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар қатаң қарастырылған, сонымен қатар берілген объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де жоғары.

 Жаппай адамдар жиналатын әрбір объекті алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметті шақырту үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етілу және автоматтандырылған өрт сигнализациясымен, өрт  сөндіру және адамдарды құлақтандыру құралдарымен жабдықталуы керек.

Эвакуация жолдарына ерекше көңіл бөлу қажет, қаптау материалдарын және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін еден қаптауын қолдануға болмайды.

Сауда жабдықтары эвакуациялық шығу жолдарына қатар жағалай  еркін өту жолдарының ені 2 метрден кем емес қамтамасыз ету ескеріле отырып, орналастырылуы керек. Эвакуация жолдарында және баспалдақ бойында сағат жөндеу пунктерін, киосктер, ойын, сауда аппараттарын орналастыруға болмайды.

Өртке қарсы су өткізу жүйесі, яғни өрт гидранттары мен өрт крандары үнемі жұмыс қалпында тұруы керек, жылына екі рет (көктемде, күзде) су жіберуге және жұмыс істеуіне тексерілуі тиіс. Монтаж, баптау, электр құрылғыларын және электр жүйелерін пайдалану, сонымен қатар олардың техникалық жағдайына бақылау орнату электр құрылғыларын орнату ережелерімен және тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерімен сәйкес жүзеге асады. 

Өрт қауіпсіздігің негізгі мақсаты - адамдардың жаппай жиналатын орындарының қызметшілерге және жекеменшіктің жауапкершілікті жағарылату.

Өкінішке орай, бизнестің кейбір өкілдері өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлмейді. Заңға сәйкес кез келген объектіде өрт қауіпсіздігіне жауапты басшы екенін естеріңізге саламыз.

Сонымен қоса басқарушылар және жекеменшіктер персоналды оқытуға қатаң қарау керек, олар өрт болған жағдайдағы іс-әрекетті білу керек

Автор:
Т.Н.Зейнолданов, Алматы облысының ТЖД Ақсу ауданының ТЖБ бас маманы, капитаны