Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ


24 декабря 2010, 14:41 | 1 852 просмотра



Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі әлемде, оның ішінде Қазақстанда да неғұрлым өзекті және талқыланатын проблемалардың бірі болып қалып отыр.

Біріккен ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының (ФАО) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауы бойынша жыл сайын сапасыз тамақты және суды тұтынумен байланысты уланулардан жер бетінің үштен біріне дейінгі халқы зардап шегуде.

Тамақ өнімдерінің халықаралық саудадағы тұрақты өсіп келе жатқан көлемі сапасыз өнімдер арқылы берілетін аурулардың алдын алу және тұтынушылардың денсаулығын сақтау төңірегінде тамақ қауіпсіздігі проблемасын алдыңғы қатардағы орынға қояды.

Мемлекеттің елімізде өндірілетін, сондай-ақ елімізге әкелінетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды тиімді жүзеге асыру және тұтынушылардың денсаулығын қамтамасыз ету мүмкіндігі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруінің негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі