Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САЛАДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯ


24 декабря 2010, 14:42 | 1 365 просмотров



ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дің жасушаларын қолдану саласындағы қазақстан-америкалық бірлескен ғылыми зерттеулерге бастамашы болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми медициналық орталығында дің жасушаларын қолдану саласындағы қазақстан-америкалық бірлескен жоба бойынша баспасөз брифингі өтті.

ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми медициналық орталығының ғылыми қызметінің нәтижелеріне тәнті болған Stemedica компаниясы Қазақстанға тең құқылы серіктес ретінде «Жаһандық көшбасшылыққа жету» атты жобаға қатысуды ұсынғанын атап өту қажет.

Аталмыш бірлескен жоба 5 жылға есептелген және бірнеше кезеңде іске асырылады, олардың ішінде негізгілері:

1.Қазақстанда халықаралық стандарттар мен хаттамаларды енгізу. Шетелдерден келген пациенттердің қатысуымен бірлескен халықаралық клиникалық сынақтар өткізу;

2.ҚР ДСМ-нің Ұлттық ғылыми медициналық орталығы базасында FDA (АҚШ) сертификаттаған өндірістік зертхана құру;

3.FDA талаптарына сәйкес АҚШ аумағында қазақстандық жасуша технологиясын сынақтан өткізу. Халықаралық патенттер шығару.

Қазіргі таңда осы жоба шеңберінде АҚШ-тан келген алғашқы төрт пациентке дің жасушаларын пайдалану арқылы ем жасалды.

2010 жылғы 6 желтоқсанда ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми медициналық орталығында неврологиялық ауруға шалдыққан АҚШ елінен келген төрт пациентке кешенді тексеру және FDA сертификаттаған адамның дің жасушаларын қолдану арқылы ем жасалды. Қазіргі таңда пациенттер өздерін жақсы сезінеді және ауруханадан шығуға дайындалуда.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми медициналық орталығының баспасөз қызметі