Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


24 декабря 2010, 14:44 | 1 318 просмотров


Өткен 19 жыл ішінде Қазақстан жаңа мемлекет құру кезеңін бастан өткерді. Мұнымен қатар оңды реформалар да қатар жүргізіліп, қатар дамыды. Ел Тәуелсіздігі шын мәнінде бейбітшілік пен егемендіктің, мемлекеттіліктің символы. Қамшының қысқа сабындай ғана мерзімде Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық егемен мемлекеттің берік негізін қалады.

Тәуелсіздігімізбен бірге еліміздің медициналық саласы да өркендеп өсті, қарышты даму жолына түсті. Алматы облысы денсаулық саласында оңды өзгерістер орын алды. Емдеу мекемелеріне бөлінетін қаражаттың өсуіне байланысты олардың материалдық-техникалық базасы жақсарды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,3 млрд. теңгеге 43 мекеме күрделі жөндеуден өткізілді. Осы бағдарлама аясында 117 жұмыссыз отырған медицина мамандары қайта оқытылды, 2634 жұмыс орны ашылды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,3 млрд. теңгеге 43 мекеме күрделі жөндеуден өткізілді. Жаңадан салына бастаған емдеу мекемелері де бар.Бүгінгі күні облысымызда 3311 дәрігер, 9515 орта буын маман еңбек етеді.

Еліміздің медициналық жоғарғы оқу орындарында әкімнің Гранты бойынша 78 жас білім алуда. Жас мамандарды облысымызға, әсіресе шалғайда жатқан елді мекендерге жұмыс-

қа тарту - біздің басты міндетіміз.

Қадірменді әріптестер! Республикалық «Жәрдем» қоғамдық-медициналық газетінің барша оқырмандары! Сіздерді шын жүректен Еліміз Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, баянды бақыт, еңбекте табыс тілеймін. Елімізде тек бейбітшілік, достық пен халықтар арасындағы түсіністік болсын. Біздің еңбегіміз Отанымыздың өркендеп өсуіне арқау болсын!

Автор:
Маралбек МЕЙІРБЕКОВ, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.