Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы қалай?


23 февраля 2021, 05:06 | 531 просмотр



Адамның иммун тапшылығы вирусы негізінен халықтың осал топтары арасында таралған, атап айтар болсақ: инъекциялық есірткіні көктамыр арқылы қолданушылар, секс қызметкерлері, жыныстық қатынасқа түсетін ер азамат пен ер азамат және бас бостандығынан айырылғандар. Қазақстанда инъекциялық есірткіні қолдану бұрынғысынша негізгі жолдың бірін құрағанымен, облыс бойынша жылдан жылға АИТВ-ны жұқтырудың жыныстық жолының басым болуы байқалады. 2020 жылы АИТВ жұқтырғандардың 74 пайызы – гетеросексуалдық жыныстық жолмен жұқтырғандар.  Облысымыз бойынша өткен жылы бізге 262 адам жаңадан тіркелді. Дегенмен, 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 57-і жағдайға төмендеген. Жанадан тіркелгендер арасында ерлердің үлес салмағы 57,3 пайызды, әйелдер 42,7 пайызды құрап отыр.  Әлеуметтік құрылымына келсек, АИТВ жұқтырғандардың 66,4%  жұмыссыздар болса (2019ж. - 66,3%),  жұмыс істейтіндер – 23,7% (2019ж. - 26,9%).

АИТВ-ның алдын алудың негізгі әдісі – оны жұқтырудың алдын алу тәсілдері туралы халыққа жүйелі ақпарат беру. Пандемия кезінде онлайн түріне көшсек те, білім беру жүйесінде, әскери қызметкерлер арасында, кәсіпкерлік, т.б. салаларда осы бағытта оқу-ағарту жұмыстары толастаған жоқ.  Өйткені АИТВ-ның таралуына қарсы іс-қимыл ретінде ЮНЭЙДС ұсынған  «90-90-90» стратегиялық мақсатына қол жеткізу – басты назарда.  Оның мәні: АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 90% - ы өздерінің АИТВ-статусын білуі тиіс, АИТВ диагнозы қойылған барлық адамдардың 90% - ы антиретровирустық терапияны тұрақты алуы тиіс және ем алатын АИТВ-сі оң адамдардың 90% - ында анықталмайтын вирустық жүктемеге қол жеткізуді іске асыру аясында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Автор:
Д.Ибраимов, АО ЖИТС орталығының эпидемииологиялық қадағалау бөлімі меңгерушісі