Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Е. Қиясов пен А. Ғиният "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды


22 февраля 2021, 07:23 | 417 просмотров



Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясына қарсы  "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды.

Вице-министрлер вакцинаның бірінші, екінші  дозасын да Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада салдырды. Е.Қиясов пен А. Ғиният өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді. Вакцинация алгоритмі бойынша олар 30 минут медициналық бақылауда болды.

ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов екі дозалы вакцинаның толық курсын алғаннан кейін, ол өзін коронавирус инфекциясынан толық қорғалғанын атап өтті. Ол профилактикалық егудің мақсаты ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін еске салды. Бүгінде COVID-19 қарсы вакцинация қауіпті инфекциямен күресудің жалғыз тиімді әдісі және қатаң шектеулердің баламасы болып табылады.

Ерлан Қиясов елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп жатқанына назар аударды,  өңірлерде "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы қолжетімді, оның өндірісі Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында жолға қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау вице-министрлері 2021 жылдың 1 ақпанында "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып қабылдады.

Вакцинаның бірінші партиясы Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан 2021 жылғы 31 қаңтарда келді. Қажетті рәсімдерді өткізгеннен кейін жүк Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орналасқан "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторының ірі хабтарына бөлінді. Әрі қарай вакцина аймақтарға жеткізілді.

21 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын 19 764 медицина қызметкері алды. Жағымсыз реакция анықталған жоқ.

Қазір вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған: ақпанда – 90 мың доза, наурызда – 150 мың доза, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаға жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.

2020 жылдың 24 желтоқсанынан 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін вакцина Н.Ф. Гамалея орталығында сапа бойынша бақылаудан өтті.  2021 жылдың 12 ақпанында ресейлік вакцина ҚР аумағында тіркеді.

Бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар ауруханаларының қызметкерлері, жедел медициналық көмек мамандары вакцина салдырды. Екінші кезеңде – наурыз айынан бастап - күш құрылымдарының қызметкерлері, педагогтар, сәуірден бастап – студенттер және мамырдан бастап қалған контингент қамтылады.

Вакцинаны ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Вакцинация егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдаға рұқсат етілген. Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді. Адам егу алдында вакцина жайлы толық хабардар етіледі, кейін жазбаша келісімге немесе профилактикалық егуден бас тарту туралы құжатқа қол қояды. Екі сатылы вакцина арасындағы интервал 21 күн.