Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Армияда қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру


22 февраля 2021, 07:11 | 694 просмотра



Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарында 2017-2021 жылдарға арналған «Армияда қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Әскери ведомстволар басшыларымен бекітілген бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарлар барлық әскери бөлімдермен орындалуда. Әскери прокуратура органдары әскери ведомстволармен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде бағдарламаны іске асыруына ат салысуда.

Бірлескен жұмыстың басты назары әскери ортада құқық бұзушылықтарды алдын алуға, оларды мүлдем жоюға, әскери тәртіпті және әскерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға бағытталған.

Қадағалаудағы аумақта соңғы төрт жыл ішінде құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі бағдарламаны іске асыру əскерде қылмыстылықты азайтуға және оларды алдын алуға бірқатар септігін тигізді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әскери қызметшілермен жасалған әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуіне жол берілмеді (2016ж. - 9, 2017ж. - 5, 2018ж. - 6, 2019ж. - 5, 2020ж. - 6).

Сол себепті бағдарламамен көзделген іс-шаралар әлі де өзекті болып табылады.

Бұл ретте құқық бұзушылықтардың алғашқы себептерін жою, әскери қызметшілердің құқықтық мәдиниет деңгейін көтеру, жеке құрамды тәрбиелеудегі басшылықтың қызметіне аса назар аударылып, әскери бөлімдер мен мекемелерде құқықтық түсіндіру жұмысы қарқын жүргізілуде.

Сонымен қатар, суицид көріністерінің профилактикасы мақсатында психологтармен әскери қызметшілердің моральді-психологиялық ерекшеліктері терен зерттеліп, қажет болған жағдайда осыған бейімді адамдар «тәуекел тобына» есепке алынып, психологтармен профилактика шаралары қабылданады.

Қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау даярлығын анықтау мақсатында күнделікті жауынгерлік қызметіне түсетін алдында әскери қызметшілердің моральді-психологиялық жағдайы психологтармен тексеріледі.

Терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл заңнамасын қолдану мәселелері ерекше бақылауға алынған. Қару-жарақ, оқ-дәрілерді және техниканы сақтау орындарын заңнама талаптарына сәйкес келтіру шаралары қабылданған.

Нашақорлық профилактикасы бойынша әскери полиция органдарымен бірлесіп жеке құрам наркологиялық тестілеуден өткізіледі. Қабылданған шаралар нәтижесінде нашақорлық заттарды сақтау немесе пайдалану фактілерін тіркелмеуіне қол жеткізілген.

Сонымен қатар, аталған бағдарламалық құжатта профилактикалық шараларының бірі ретінде бейнебақылау институтына белгілі бір рөл бөлінген.

Бас əскери прокуратураның ұсынымы бойынша, бейнекамераларды казарма үй-жайларында, əскери қызметшілердің басқа да жиналу орындарында және қарумен жауынгерлік қызметін өтеу орнында бейнекамера орнату қолға алынған.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде құқықбұзушылықтың профилактикалық шаралар ретінде бейнебақылау жүйесімен жабдықтандыру үлкен үлес қосуда.

Атап айтқанда, талдау кезеңінде әскери полиция қызметкерлері бейнежазбаларды қарау арқылы, бір әскери бөлімнің бөлімше командирімен күн тәртібін бұзған үшін мерзімді әскери қызметшінің бетінен қолының алақанымен соққы жасаған фактісі анықталған.

Аталған факт бойынша бөлімше командирі қылмыстық жауаптылыққа тартылып, әскери қызметтен теріс себептер негізінде шығарылған. 

Сондықтан профилактикалық жұмысты дұрыс ұйымдастырғанда бейнекамералар теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтардан (тәртіптік, әкімшілік) бастап, казармадағы бұзақылыққа, оқ-дəрілерді, қару-жарақты, əскери мүлікті жымқыруға дейін жəне басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды дəлелдеу мəселесінде негізгі құралдардың бірі болып табылады.

Мұндай шаралар құқық бұзушылардың жолын кесуге, тез əрі жылдам ашуға, əшкерелеуге, сондай-ақ заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді, бұл тиісінше əскери тəртіптің жай-күйіне, оның ішінде əскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына жақсы ықпал етеді.

Автор:
Алпамыс СҰЛТАНҚҰЛОВ, Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры