Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Nur Otan»-ға келіп жұмысқа орналасып, әлеуметтік көмек те тағайындалды


15 февраля 2021, 05:12 | 414 просмотров



Халықтың партиясы болып, әлеуметтің мәселесін оңды шешіп нәтижеге бағытын айқындаған нұротандықтар әрбір азаматтың мәселесінің жеке қарастырып, әрбірін бақылауда ұстауда.

Жақын күндері партияның Текелі қалалық филиалында қала тұрғыны әрі 5 баласы бар отбасы өздерінің әлеуметтік мәселелерін нұротандықтарға жеткізіп, көмек қолын созуға өтініш білдірді.

Жолдасына жұмысқа тұру, ал отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жайлы мәселесін көтерген кейуана А.Мектепова қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ботантаев мәселесін жеткізіп, нұротандықтар өз кезегінде бұл сұрақ бойынша жергілікті әлеуметтік органдармен бірге кірісіп, қалалық мәслихат депутаты Ж.Қапалова өз бақылауына алды.

Өтінішін білдірген отбасына «Бақытты отбасы» жобасы аясында көмек көрсетіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу шарттары түсіндірілді. Нәтижесінде А.Мектепова және оның жолдасы О.Хажабаев жұмыссыз ретінде тіркеліп, қоғамдық жұмыстарға жолданды және отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Жолдасым жұмыссыз жүрді, отбасымызда қаржылық мәселелер туындады, оның үстіне әлеуметтік көмекті де ала алмадық. Телеарналардан нұротанның шешіп жатқан мәселелерін көріп, бізде Текелі қаласындағы партия филиалына келіп, бізді жылы қарсы алып, айтқан мәселемізді де толық шешіп берді. Партияға шынайы алғысымды білдіремін», - деп көпбалалы ана А.Мектепова шынайы риззашылығын білдірді.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі