Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құқықбұзушылықтың алдын алу аясында жеке құраммен сұхбат өтті


12 февраля 2021, 07:33 | 733 просмотра



Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров Сарыөзек гарнизоны әскери полиция қызметкерлерінің қатысуымен гарнизонның әскери бөлімдерінің жеке құрамдарымен сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өткізді.

Аталмыш іс-шарасы санитарлық – эпидемиологиялық  жағдайдың талаптарын қатаң ескере отырып ұйымдастырылды.

Шара басында Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров әскери ортада заңға қайшы әрекеттердің себебі мен жағдайларын анықтау, құқықбұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық зардаптарын түсіндіру мақсатында гарнизонның әскери қызметшілерімен профилактикалық әңгімелесулер өткізді.

Сонымен қатар құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері талқыланып, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру және соған тәрбиелеу қажеттілігіне назар аударылды.

Жиын барысында гарнизонның әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Марат Иманбеков кезегінде сөз алып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде орын алған түрлі себептермен әкімшілік және құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер жайлы ақпараттарды қатысушыларға жеткізді.

Отырыс соңында Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы бөлім командирлері мен мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылыққа қарсы әрекет ету, сондай-ақ оның алдын алу бойынша біршама тапсырмалар қойды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор