Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Іс жүзіндегі әлеуметтік әріптестік


12 февраля 2021, 07:06 | 460 просмотров



11-ші ақпан 2021 жылы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы және Талдықорған филиалдары мен «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» филиалы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған Келісімге №1 қосымша келісім жасалғанын растайтын құжатқа әлеуметтік әріптестер қол қойды. Біздің өңірдің денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын құжат «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінде №1574 тіркеліп, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік әріптестік қағидаттарға сүйене отырып, әлеуметтік - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсынысытарды тұжырымдай келе, Кәсіподақ медицина қызметкерлерінің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға жәрдемдесуін жалғастыра бермек.

Автор:
А.Шалтабаев , Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкелерінің салалық кәсіподағы Талдықорған филиалының төрағасы