3 декабря 2010, 07:58 | 1 651 просмотр
Пәтер сатып алу үшін несиені қалай алуға болады? Және қарызды қайтарудың ауыртпалығын арқаламау үшін не істеу керек? Егер «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» хабарлассаңыз, бұл - шешілмейтін мәселе емес.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз клиенттеріне қарайласу мақсатында несиелеу талаптарын барынша ыңғайлы да қолжетімді етуде. 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін үйлі болғысы немесе баспанасын жақсартқысы келетін кез келген қазақстандық банктің жаңа да тиімді ұсыныстарын пайдалана алады. Ал 1 қарашадан бастап банк тарифтік бағдарламалар бойынша тұрғын үй заемдарын қайтару мерзімін қысқартқан жағдайда, алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы үстемесі 14 пайыздан 12 пайызға дейін төмендейтіні (жылдық тиімді ставка 16,65 пайызға дейін) туралы хабарлайды. Алдын ала берілетін тұрғын үй заемы – баспаналы болудың ең оңтайлы әдісі. Ол клиенттерге алдын ала қаражат жинақтамаған жағдайда да беріледі. Банк салымшысы заемын алып, пәтер сатып алған соң, сол пәтерінде өмір сүре отырып, несиені де қайтарады және қаражат та жинақтайды. Бұл банктен толыққанды заем алуға, тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Салымшы үшін ыңғайлы әрі тиімді, ол алдын ала келісім-шарттағы соманың жартысын жинақтауға уақытын кетірмейді.
Заемшылардың түрлі санаттары бойынша алдын ала тұрғын үй заемын беруді барынша қолжетімді ету үшін банк сыйақы үстемесін төмендетіп отыр. Өйткені, үстемелік пайызды азайту банк алдындағы міндеттемелерін өтеудің ай сайынғы жарнасын да азайтып, клиентке өз қарыздарын жабу арзанға түседі. Алайда, клиент үшін бұл жалғыз тиімді ұсыныс емес. Заемшы банкпен есептесу үшін өзі таңдап алған тарифтік бағдарламаға сәйкес, заемды пайдаланудың бүкіл кезеңінде қаражат жинақтаумен болады. Жинақ мерзімі аяқталған кезде заемшыға ең төмен пайызбен (4-тен 5 пайызға дейін) негізгі тұрғын үй заемы беріледі. Бұл алдын ала алынған тұрғын үй заемын жабуға жұмсалады. Несиелеу мерзімі тым ұзаққа созылмас үшін, ТҚЖБ тұрғын үй заемдарының мерзімін қысқартты. «Бастау» тарифтік бағдарламасы бойынша – 6 жылдан 4 жылға дейін, «Өркен» тарифтік бағдарламасы бойынша – 10 жылдан 6 жылға дейін, «Кемел» тарифтік бағдарламасы бойынша 15 жылдан 10 жылға дейін.
Несиелеу талаптарына өзгерістердің енгізілуі – ТҚЖБ жұмысының клиент жағдайына бейімделгіштігімен және әлеуметтік қарайласу тұрғысынан түсіндіріледі. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту – банктің ең басты мақсаты делінсе, бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес. Аралық заемдарға сұранысты күшейтіп, қаржыландырудың осы түріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ТҚЖБ «Жеңіл» несиелік бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын беруді де жаңғыртып отыр. «Жеңіл» бағдарламасының айрықша тұсы – негізгі қарызды төлеу-
ді 3 жылға дейін кейінге шегере алады. Осы аралықта заемшы тек қана заем бойынша сыйақыны ғана жабады. Бұл клиентке шығындарын жоспарлауға мүмкіндік беріп, ертеңге деген сенімін арттырады. «Жеңіл» бағдарламасы оның өзектілігі мен қажеттілігін ғана емес, Банктің бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетіп отыр. Дегенмен, банк төлем қабілеті жоқ клиенттерге өз қаражатын жоғалтпау үшін несиелік тәуекелдерді азайтуға өте мұқият қарайды. Өйткені, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» – мемлекеттік банк. Сондықтан банк міндетті түрде клиенттерден табысы туралы ақпараттарды талап етеді. Егер заемшының несие алуға табысы жеткіліксіз болса, онда банк клиентке бір немесе бірнеше адамды бірігіп заемшы етіп алуға рұқсат береді. Олар негізгі заемшыны одан әрі заеммен қамтамасыз етуде біріккен түрде жауапты болады.
ТҚЖБ заемдарына сұранысты арттырудың қосымша шарасы – алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алу үшін банкке хабарласқан клиенттер үшін күту мерзімінің жойылуы. Ендігі жерде, клиент баспанасын кеңейтуге, яки, пәтер алуға қажетті тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шартты жасап немесе қажетті соманың 50 пайызын жинақтаған жағдайда, 1 айдан бастап 3 айға дейінгі мерзімді құрайтын күту уақытын күтпей-ақ, бірден жоғарыдағы несиелерді ала алады. Осылайша, ТҚЖБ бастамаларының арқасында көптеген қазақстандықтар ертең-ақ жаңа пәтерлеріне қоныстанатын болады. Өз кезегінде құрылыс саласы да қарқындап, ел экономикасы да тұрақты дамуға қадам баса бермек.
Жилстройсбербанк идет навстречу клиентам
Как взять кредит на квартиру и при этом не испытывать бремени по обслуживанию долга? Это сделать просто, если обратиться в Жилстройсбербанк Казахстана (ЖССБ).
Заботясь о казахстанцах, ЖССБ сделал условия кредитования более удобными и доступными. До 31 декабря 2010 года любой казахстанец, желающий улучшить условия проживания, может воспользоваться новыми выгодными предложениями банка.
С 1 ноября ЖССБ объявляет о снижении ставки вознаграждения по предварительным жилищным займам с 14% до 12% (эффективная ставка до 16,65% годовых) при условии сокращения сроков жилищных займов по тарифным программам. Предварительный жилищный займ придуман как быстрый способ приобретения жилья. Он выдается клиентам без предварительного накопления сбережений.
Вкладчик банка получает займ, покупает квартиру, и, проживая в ней, расплачивается по займу и накапливает средства. Это удобно и выгодно для вкладчика, так как не требует времени на предварительное накопление половины договорной суммы, позволяющей получить в банке полноценный займ и лишь после этого решить жилищный вопрос.
Чтобы сделать предварительный жилищный займ более доступным различным категориям заемщиков, банк снизил ставку вознаграждения. Поскольку уменьшение процентной ставки снижает размер ежемесячного взноса по погашению обязательств перед банком, клиенту становится дешевле обслуживать свой долг.
Но это не единственное привлекательное предложение для клиента. Чтобы расплатиться с банком, заемщик начинает накапливать средства в течение периода пользования займом согласно выбранной им тарифной программы. По истечении срока накопления, заемщику предоставляется основной жилищный заем под низкие проценты (от 4 до 5%) который направляется на погашение предварительного жилищного займа. Чтобы общий период кредитования не был для заемщика слишком долгим, ЖССБ сократил срок жилищного займа. По тарифной программе «Бастау» - с 6 лет до 4 лет, по тарифной программе «Оркен» - с 10 лет до 6 лет, по тарифной программе «Кемел» с 15 лет до 10 лет.
Изменения в условиях кредитования объясняются клиентоориентированной и социальной направленностью работы ЖССБ. Не случайно, улучшение жилищных условий казахстанцев – одна из основных целей банка.
Чтобы стимулировать спрос на промежуточные займы, и обеспечить доступность такого финансирования, ЖССБ возобновил выдачу промежуточных жилищных займов по программе кредитования «Жеңіл». Отличительной чертой программы «Жеңiл» является наличие отсрочки по погашению основного долга сроком до 3-х лет. В указанный период заемщики погашают только сумму вознаграждения по займу! Это позволяет планировать расходы и дает уверенность в завтрашнем дне. Программа «Жеңіл» наглядно показывает конкурентоспособность продуктов ЖССБ, их актуальность и востребованность.
Чтобы избежать собственных рисков выдачи денег неплатежеспособным клиентам, ведь ЖССБ – государственный банк и очень тщательно относится к сокращению кредитных рисков. Поэтому банк в обязательном порядке просит клиента предоставлять информацию о своих доходах. В случае если у заемщика недостаточно дохода для получения кредита, банк разрешает привлечение одного или нескольких созаемщиков, которые будут солидарно нести ответственность за последующее обслуживание займа с основным заемщиком.
Дополнительной мерой стимулирования спроса на займы Жилстройсбербанка, стала отмена сроков ожидания для обращения клиента за получением предварительных и промежуточных жилищных займов. Теперь клиент, заключив договор о жилстройсбережениях или накопив 50% от суммы, необходимой для улучшения жилищных условий, может сразу обратиться за получением предварительного или промежуточного займа без сроков ожидания, которые составляли от 1 до 3 месяцев.
Благодаря инициативе ЖССБ многие казахстанцы могут уже завтра въехать в новые квартиры. Строительный сектор получит импульс для роста, а экономика страны – устойчивое развитие.