Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құттықтау


10 февраля 2021, 04:53 | 1 002 просмотра



Н.Қылышбаевқа!
Көсем сөз, озық ойлы - абыз аға!
Бұл өңірден Сіздей жан - табыла ма?
Биліктің шығып биік асқарына,
Қамқоршы бола білдің жан - жағыңа.

Ала жібін әділдік аттамадың,
Жігерлі жастар болды баптағаның.
Ел - жұртыңның алдында төрге шығып,
Патшадан да сый - құрмет, мақтау алдың.

Балпық бидің атында - мекеніңіз,
Құтты болсын, мерейлі жас - сексеніңіз!
Рулы елге айналып үрім - бұтақ,
Бау - бақшадай жайқалып, көркейіңіз!!!

Автор:
Ізгі ниетпен, ініңіз: Болат ҚИСМЕТОВ, Көксу ауданының Құрметті азаматы