Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сақтандыру мәртебесі туралы


9 февраля 2021, 08:04 | 691 просмотр



Күнделікті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалына халықтан сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар мен қоңыраулар түседі, өзекті сұрақтарға Қор филиалының орынбасары Қарлығаш Құрманалиева жауап берді:

-Ай сайын БЖТ төлеген, бірақ мәртебесі сақтандырылмаған болып шығатын азамттар пайда болады, неге?

Бұл жағдайда өтініш берген сәтте ағымдағы ай үшін БЖТ төленбеген немесе алдыңғы үш ай ішінде төленбеген болар. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға сәйкес, сақтандыру мәртебесін алу үшін БЖТ төлеуді кем дегенде үш ай қатарынан жүргізу қажет. Сонымен қатар, егер ол төртінші айда медициналық көмек алуға ниет білдірсе, онда ол БЖТ төлеуі керек. Яғни, әр ай сайын үздіксіз БЖТ төлеу қажет.

Мүмкін, адам техникалық себептермен жүйеден "шығып кеткен" шығар. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет.

-Мәртебесі, «сақтандырылмаған» жұмыссыз азамат қай кезеңнен бастап төлемдер төлеуі қажет Егер бірынғай жийынтық төлем (БЖТ) төлемесе, онда МӘМС үшін төлемеуге болады ма?

Егер жеке тұлға жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелмеген болса, онда мұндай тұлға дербес төлеуші болып табылады және МӘМС жүйесіне төлем жасалмаған кезеңдегі берешек бойынша 2125 теңге мөлшерінде жарналар төлеуі қажет (бірақ 12 айдан артық емес).                  

Алайда, егер адам 2020 жылдың қарашасында жұмысынан айрылса, онда 2020 жылдың қарашасынан бастап төлеу керек. Яғни, жұмыс беруші жарналар мен аударымдарды төлеуді тоқтатқан сәттен бастап дербес төлеуші жарналарды төлеуді үздіксіз жүзеге асыруы тиіс.                                                 

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды да қамтиды. БЖТ төлеушілер-бұл кәсіпкерлік қызметті ЖК (ИП) ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін БЖТ төлеушілер БЖТ-ны медициналық көмек алу күнінің алдындағы қатарынан кемінде үш ай, сондай-ақ ағымдағы ай үшін төлеуі қажет, МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесі ағымдағы ай үшін төлем болған кезде өзекті болып табылатынын және айдың соңына дейін қолданыста болатынын есте сақтау маңызды

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы