Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Нұротандық депутат 6 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге үй сыйлады


5 февраля 2021, 09:01 | 477 просмотров



Алматы облысы Сарқан қаласының тұрғыны, 6 баланың әкесі Ерхат Тоқтаров «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өзінің баспанаға қатысты мәселесімен келген еді. Төрт қыз және екі ұл өсіріп отырған әкенің ең кенжесі небары үш жаста. Шиттей бала-шағамен тұрып жатқан 18 шаршы метрлік ескі әрі кішкентай үйдің әбден тозығы жеткен.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыстық мәслихаттың жаңа шақырылым депутаты, өзі де көпбалалы әке Руслан Қожасбаев Ерхаттың басындағы жағдайға бей-жай қарамады. Ол кәсіпкер ұлы Саянмен бірге Ерхат пен оның балаларына Сарқан қаласынан жаңа үй сыйлады.

«Үй жылы әрі кең, енді балаларым бұрынғыдай тар жерде қысылып-қымтырылмайтын болды! Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өз үйің, бау-бақшаң болғанға не жетсін! Енді біздің өз баспанамыз бар! Жақында отбасымда тағы бір үлкен қуаныш болды. Немерем дүниеге келді –  мен ата болдым! Міне, жаңа 2021 жыл осындай жағымды жаңалықтармен басталды», - деп қуанышымен бөлісті көпбалалы әке Ерхат Тохтаров.

«Осы үлкен де тату отбасы балаларының болашақтары жарқын болсын деп шын жүректен тілеймін! Бір отбасыға қуаныш сыйлаған осы іске өзімнің үлес қосқаныма өте қуаныштымын. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жұмысымды осындай игі іспен бастағанымның өзі маған жігер береді. Халықпен бірге, «Nur Otan» партиямызбен бірге тұрғындардың мәселелерін шешуге көмектесу, туған жерім Сарқан ауданын көркейту үшін қолымнан келгеннің бәрі жасаймын!», - деді Руслан Қожасбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі