Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жусанның пайдасы


24 сентября 2009, 20:24 | 22 254 просмотра


Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.

Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.

Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті артырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.

Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқызыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойчаңыз, көзіңіз тез ілінеді.

Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.

Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады.

Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.

Автор:
Мұсылман күнтізбесінен әзірлеген Ырыс Ақадық