Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарбаздармен әскери патриоттық тәрбиеде сұхбаттасу өтті


27 января 2021, 10:53 | 518 просмотров



Сарыөзек гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшілермен сұхбат өтті.

Шара санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің барлық талаптарын сақтай отырып, өткізілді.

Оның мақсаты – жауынгерлердің әскери қызметін өтеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру, өз Отанына адал болу үшін оларға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан сүйгіштікке баулу болды.

Жиналған сарбаздар Сарыөзек гарнизоны офицерлер клубынан орын алды.

Алғашқы болып сөз сөйлеген бөлім командирі подполковник Ержан Ембергенов сарбаздарға шараның мақсатын түсіндіріп, олармен әскери борыштарын орындау кезінде, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жолында өз күштері мен кәсіби білімдерін қосуға, жауынгердің бойына жоғары имандылық-жауынгерлік қасиеттері мен әскери моральдық рухты бойларына сіңіру тақырыбында ашық әңгіме құрды.

Сұхбат барысында бөлім заңгері әділет майоры Александр Величко Қазақстан Республикасының Заңнамаларында көрсетілген әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын тереңінен түсіндіріп өтті.

«Кеш жақсы өтті. Отанды қорғау әр азаматтың міндеті мен борышы. Патриотизм туралы әңгімелер айтылды, бойыма жақсы әсер қалдырдым», - дейді сарбаз қатардағы жауынгер Қуаныш Ермеков.
Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор