Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімде декада өтті


25 января 2021, 09:41 | 343 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердерінің бірінде әскери қызметшілермен «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбында декада өтті.

Әскери бөлімде 15 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында салауатты өмір салтын насихаттау, спиртік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалану, тамақтануды ұйымдастыруда, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз етуде, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша «Біз салауатты өмір салты үшін» атты декадасы өтті.

Шараның мақсаты – әскери қызметшілердің ұжымдық қарым-қатынастарын арттырып, әскери тәртіпті нығайтып, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға және әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, оларды өзінің әскери борышын орындауға даярлау болды. Бөлім командирі подполковник Ержан Ембергенов шараның мақсатын жеке құрамдарға түсіндіріп жеткізді.

Бөлімде психологтардың, заңгерлердің, медициналық қызметкерлердің, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметкерлерінің қатысуымен қызметтік кеңестер өткізіліп, онда салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікті, есірткі және улы заттарды пайдалануды ескерту өнінде онкүндік өткізу мәселесі қаралды.

Ақпараттық-құқықтық жұмыстардың нысандары мен әдістерін қолдана отырып, «Біріңғай құқықтық білім күнін» ұйымдастырып, жеке құрамға консультативтік құқықтық көмек көрсетілді.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор